Нарық

"Алтын Орда" маңында уақытша айналма жол пайда болады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

"Алтын Орда" базарының маңында айналма жол пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрхан Ақылтаев үш жолақты айналма жолдың батыс бағытта пайда болатынын айтты.


"Алтын Орда" базарынан ары қарай батыс бағытта көпірдің маңында ені 15 метр болатын үш жолақты айналма жол салып жатырмыз. 2-3 күнде асфальттаймыз. Айналмалы жол ең көп дегенде бір аптадан соң пайда болады. Сондай-ақ, осыған байланысты Ақсай көпірін жартылай жауып тастаймыз. Алматыға барар жолды әзірше жаппаймыз. Бастапқыда жолдың бір жартысын, сосын барып екінші жартысын саламыз", - деп түсіндірді Нұрхан Ақылтаев.


Оның айтуынша, 6 желтоқсанға қараған түні Ақсай көпірінен өтетін су құбырларын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді.


"Біз түнде су құбырында жұмыстар жүргіздік. Тасжолдың 17-ші шақырымында орналасқан су құбырларын қайта құрдық. Бірақ жолды жапқан жоқпыз. Басты жолда қозғалыс жүріп жатыр. (...) Траншея орнаттық, құбырды өткіздік, қозғалыстың қауіпсіз болуы үшін құбырдың үстін уақытша жауып қойдық. Жол таңертеңнен ашық", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.



"Алматы-Бішкек автожолының 16-20 шақырымындағы жолға қатысты жобаға елеулі өзгерістердің енгізілуіне байланысты бұл жоба екі кезеңге бөлінді. Нәтижесінде жоба қарастырылып, Алматы және Алматы облысы әкімгідінің профильді ведомстволары осыған қатысты шешім қабылдайды. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жобаның нақты бағасын білу үшін және оған қатысты қорытынды шешім қабылдау үшін жобаны "Мемлекеттік сараптама" мекемесіне жолдадық. Сондықтан жобаны қарастыруға біраз уақыт кетеді", - деген еді осыған дейін ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ өкілдері.

 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.12.2017, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31