Нарық

Апатты үйдің тұрғындарында жаңа пәтер алуда проблема бар

  • © Матрица.kz

    © Матрица.kz

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Ерболат Мұқаев апатты үйлер мәселесіне қатысты заңнамаға тиісті өзгерістерді қарастыруды ұсынды. Бұл ретте бірқатар сенаторлар ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгінгі еліміздің көптеген қалаларында апатты жағдайда деп танылған үйлер баршылық. Апатты деп танылған үйлердің тұрғындары жергілікті атқарушы органдарда кезекте тіркелген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне авариялық жағдайда деп танылған үйлерде тұрып жатқан азаматтарды тұрғын үймен қамту көзделген. Өкінішке қарай, қолданыстағы заң бұл мәселені түбегейлі шеше алмауда. Мысалы, екі қабатты тұрғын үйде 18 отбасы тұрып жатыр делік. Олардың тұрғын үйге тіркелу кезегі әртүрлі. Бірінші тіркелген отбасын тұрғын үймен қамтамыз ету мүмкіндігі болса, соңғы тіркелген отбасының 10 жылдан соң кезегі келуі мүмкін. Ал апатты жағдайдағы үй 10 жылды күте алмайды. Демек, апатты тұрғын үйдегі азаматтардың барлығын бір мезетте тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ», - деп тоқталды сенатор.


Осы орайда Е. Мұқаев жоғарыда баяндалғанның негізінде апатты жағдайдағы үйлерді жою мақсатында тұрғын үй құрылысын «Нұрлы жер» бағдарламасының бір бағыты ретінде енгізуді, сәйкесінше қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер қарастыруды ұсынды.


 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30