Нарық

Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Салықты уақтылы төлемегені үшін әрбір оныншы қазақстандық ел аумағынан шыға алмай қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Департаменттің хабарлауынша, елордада салық пен айыппұлды төлемей отырған 70 мыңға тарта азамат бар.


«Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен 1000-ға тарта салық төлемеушілерге қатысты тыйым салу шарасы қолданылып, бұл жағдай белгіленген уақытта ел аумағынан ұшып кету жағдайларын тоқтатуға әкеп соқтырды», - делінген хабарламада.


Салық қызметі шетелге сапар алдында жайсыз жағдай болмас үшін азаматтар өзінің барлық қарызын қайта тексеріп, ҚР салық заңнамасының бұзылуына жол бермеуі керектігін ескертеді.


Салықты уақтылы төлемейтіндер арнайы мәліметтер базасында тіркелген.


Ол туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) көруге болады.


 




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31