Нарық

Астана LRT автобус жүргізушілерінің жаппай жұмыстан кетуін түсіндірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астана LRT басшылығы автобус жүргізушілерінің жаппай жұмыстан шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Барлық жүргізушілер жұмыстан жаппай кетіп жатыр деп айтпас едім. Кейбір автопарктерде автобус жүргізушілерінің жұмыстан шығу деректерінің болғаны рас. Штаттан тыс жұмыс істеген жүргізушілердің банкпен проблемалары болып, олар жалақыларын қолма қол алып жүрді. Қазір автопарктердің басшылары коллекторлық компаниялармен келіссөз жүргізіп, жүргізушілердің жалақысын көтеру және жұмыс кестесін қайта қарауды түсіндірді. Бірқатар автобус жүргізушілері жұмысқа қайта оралды, ал біразын біз оқытып резервке қойдық. Қазір жағдай бірқалыпты», -деп түсіндірді Астана LRT Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.


Басқарма төрағасы автобус жүргізушілері жалақыларын 10 тамызға дейін алатынын айтты.


Сонымен қатар, компания басшысы әлеуметтік желілердегі жүргізушілердің жаппай жұмыстан шығу туралы ақпардың негізсіз екенін тілге тиек етті. Астана LRT өкілі қала бойынша кейбір автобустардың жүру жиілігі уақытының әдеттегіден ұзақтауына байланысты да пікір білдірді.


«Иә, кейбір автобус маршруттары бойынша жүру жиілігінде уақыт жағынан кешігу бар. Ол туралы жолаушылардан шағым түсіруде, соған байланысты біз қазір жүру жиілігі ұзақ уақыт алған автобустарды жоспар бойынша №1 қалалық автопаркке берудеміз», - деді Б.Игенбердинов.


 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31