Нарық

Астана әкімдігі жолақыны коммуналдық төлемге қосуға қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Қалалық әкімдік өкілдері автобустарда жүру төлемін коммуналдық қызмет есебіне енгізу ұсынысына қатысты түсініктеме білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.


"Нұр Отан" партиясы қалалық филиалында елорданың көлік жүйесін модернизациялау бойынша өткен тыңдау барысында "Астана LRT" кәсіпорны BUS/км жүйесін таныстырған болатын. Бұл жүйе бойынша жолақы төлемін Астана ЕРЦ-дан келетін коммуналдық қызмет есебіне қосу ұсынылып отыр. Тұрғын санына байланыссыз әр пәтерден 3800 теңге төлем белгіленген. Ал арнайы жеңілдіктері бар адамдар бұл төлемнен босатылады. Жобаны ұсынушылардың айтуынша, автобуспен жүрмейтін елордалық жүргізушілер болса, қала көшелерінде ақылы тұрақтарды төлеу мүмкіндігіне ие болады.


"3800 теңге қайдан шықты? Әр пәтердің саны ЕРЦ бойынша белгілі. Қазірде қоғамдық көлікте жолаушылардан түсіп жатқан түсім бар ғой. Соның бәрін қосқанда, пәтерлердің санына бөлгенде осындай сома шығып отыр. Қоғамдық көлік заңнама бойынша субсидиялануы керек. Бірақ бүгінде ол толық мөлшерде төленіп отырған жоқ. Сондықтан қоғамдық көліктің дамуы ақсап отырғаны бар. Сол субсидияны бюджеттен алған күннің өзінде бір жерде азайту керек болады ғой. Бұл бастама көпшілік қарауына ұсынылды. Көпшілік қалай қабылдайды, соған байланысты шешім қабылданады", — деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Астана LRT" ЖШС менеджері Әбдіхамит Тамабаев.


Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама тұрғындармен бірге талқыланады. Тек оның тиімділігіне көз жеткізген жағдайда ғана қабылданбақ.


"Жыл соңына дейін нақты анықталады. 3800 болмаса 4000 теңге — бұл тек шартты сандар.. Бұл жүйе нақты осы түрінде қабылданады деген сөз емес. Қоғамның пікірін білу үшін айтылды. Біраз ұсыныстар, сын да айтылып жатыр, соның бәрі талқыланады. Әлі айтуға ерте. Шешім қабылданған жоқ. Егер бұл модель өзін ақтамайды деген шешімге келсек, ол қабылданбайды. Бұл әзірге құжат да емес, жай ғана концепция", — деді өз кезегінде Астана қаласы жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Бекмырза Егенбердинов.




 




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.10.2017, 18:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30