Нарық

Астана банкы депозиттерден ақша шешуге шектеу қойды

  • Фото: ашық дереккөзден

    Фото: ашық дереккөзден

Астана банкы есеп шорттар арасындағы ақша аударымына және депозиттерден ақша шешуге тыйым салды. Шектеу ағымдағы жылы 22 сәуір мен 2 мамыр аралығында жұмыс істейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі банктың баспасөз қызетіне сілтеме жасап.


Атап айтсақ, банк мына операцияларға шектеу қойды:


ағымдағы есеп шоттардан/депозиттерді өздерінің есеп шорттары арасында аударуға, сонымен қатар, үшінші тұлғаның пайдасына – 200 000 теңгеге дейін тәулігіне бір реттен артық интернет немесе мобильді банкинг арқылы аударым жасауға тыйым салды;


банк бөлімшелерінде бір жеке тұлға үшін бір аптада 1 млн теңгеге дейін депозиттерден ашқа шешуге тыйым салды.


Астана банкының клиентері арасындағы дүрбелең өткен аптада басталды. Бұл банк туралы Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткіштері нашар банктердің бірі деп ат ап өткен болатын. Банкта президенттің мәлімдемесін жоққа шығарды және жағдайды тұрақты деп атап өтті.


«Банк төлем дебеттік карталарды қолдануға ешқандай тыйым салмайды. Жеке тұлғалардың барлық салымдары, ағымдағы есеп шоттар мен карточкалардағы қалдықтары Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қорымен сақтандырылған, әр адамға 10 млн теңгеден есептелінген», — делінген хабарламада.


Бірінші кезекте Астана банкы республикалық бюджетке клиенттердің міндетті төлемдерін, клиенттердің жалақысы және шәкіртақысы бойынша төлемдерін жүргізетін болады.


Сонымен қатар, банк заңды тұлғалар алдында келісімге сәйкес өз міндеттемелерін белгіленген межеге сәйкес орындауға мүдделі.


Бұдан басқа, банк Ұлттық банкқа жедел өтімділік беруді сұрап өтініш жасады. Бүгінде займ беру мүмкіндігі мен шарттары талқыланып жатуы мүмкін.


 




 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31