Нарық

Астана экономикалық форумына 111 елден 5 мың адам қатысады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Тура бір сағаттан кейін елорда төрінде Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды.


Еуразия жүрегінде осымен ХІ рет өтетін Global Challenges Summit-ке бұл жолы Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, «Эпл» компаниясының құрылтайшысы Стив Возняк қатысады.Келелі кеңесте көптің көкейіндегі мәселелерді көтеруге бас-аяғы 5 мың адам жиналып отыр.


Әуелі кімдер қатысады деген сауалға жауап.


Төрткүл дүниеден, дәлірек айтқанда, 111 елден 5 мың адам қатысады бұл форумға. Экс-президенттер бар. Мысалы, Францияның бұрынғы басшысы Франсуа Олланд. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун да осында.


Бір жерден естіп, ұнатып қалған әннің атауы мен оны орындайтын адамның есімін тез арада анықтап беруге көмектесетін мобильдік қосымшаны көпшілік, әсіресе, жастар білетін шығар. «Шазам» деген. Міне, осы «Шазамның» негізін қалаушылардың бірі, 8 жыл «Майкрасофт», «Гугл» секілді алпауыт компанияларда еңбек еткен Крис Бартон да осы алаңда өз пікірін ортаға салады. Міне, ол да келелі кеңеске келгелі тұр.


Аты жер жарған «Эпл» компаниясының құрылтайшысы Стив Возняк та Астана экономикалық форумының маңыздылығы мен салмағын білгеннен елордаға ат басын тіреп отыр.


Бұрынғы және қазіргі премьер-министрлер мен министрлер бар, азулы экономистер мен саясаттанушылар бар, әлемде беделі зор халықаралық қаржы институттарын басқаратындар бар, ғаламдық ғалымдар мен Нобель сыйлықтарының лауреаттары және бар.


Қысқасы, мұнда бәрі бар. Тіпті сіз бен біз де бармыз, көзі қарақты көрермен. Өйткені біз үш күн бойы осы алаңда жүріп, жаһандық экономикаға қатысты соңғы жаңалықтардан сіздерді құлағдар етеміз.


Біз дегеніміз – 1 мыңға жуық журналист, оның ішінде 100-ден аса шетелдік тілші.


Ал сіздер көп нәрсені түйіп, өзіңізге керек мәліметті бізден алады деген үміттеміз.


Енді күн тәртібіне қойылған мәселелер хақында. Оларды тізіп айта берсем, эфир уақыты жетпес. Мен бірен-саранына тоқталайын. Мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесін азайту амалдарын, технологиялар дамыған заманда жұмыссыздыққа жол бермеу әдістерін іздеп, қатысушылар қоршаған ортаны қалай қорғаймыз, үшінші дүниежүзілік соғыс қатерінен қалай сақтанамыз, әлем халқының саны 10 млрд-қа жеткенде, адамзатты немен тамақтандырамыз деген секілді өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысады.


Сайып келгенде, сан тараптан келген сарабдал сарапшылар салмақты ой, салиқалы сөз айтады осы үш күннің ішінде.


24.kz


 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 09:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30