Нарық

Астана хостелдері студенттерге жеңілдік ұсынып отыр

  • © Sputnik / Кирилл Каллиников

    © Sputnik / Кирилл Каллиников

Елорда хостелдері студенттерге жатын орынды жалға алудың жеңілдетілген нұсқасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.


"Көрменің аяқталуына орай қаладағы хостелдердің көпшілігі жұмыс бағытын өзгертіп жатыр. Олар ұзақ мерзімді жалға беруге көшті. Бұл студенттер мен жұмыс бабымен келген қонақтарға қолжетімді әрі тиімді ұсыныс болып табылады", — дейді "Астана конвеншн бюро" ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.


Оның айтуынша, қазір орта есеппен хостелдегі бір орынды жалға алу бағасы айына 25 мың теңгені құрайды.

"Оқу жылының басталуымен кейбір хостелдер жеңілдік ұсынып отыр. Сол жеңілдікке сәйкес, бір орынды 20 мың теңгеге алуға болады", — деді ол.


Айта кетсек, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеген болатын. Ондағы жатын орын қоры 4500 құрады. Сондай-ақ өткен үш айда қалаға келген 22 мың мейман хостелдерді паналаған екен.


Sputnik




 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 21.09.2017, 17:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30