Нарық

Астана мен Алматыдан Балқаш пен Алакөлге арзан рейстер ашылады

  • © Today.kz

    © Today.kz

Алматы мен Астанадан Балқаш, Үшарал және Үржарға тұрақты әуе рейстері жіберілетін болады.


Рейстер мемлекеттік бюджеттен субсидияланып, туристік маусымда жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.


"Балқаш көліне "Южное небо" әуекомпаниясы рейстер жібере бастайды: 29 мамырдан бастап Астана-Балқаш бағдары бойынша рейс бағасы 9000 мың теңге, ал 15 мамырдан бастап Алматы-Балқаш бағдары — 14 000 теңге. Осы авиакомпания 16 мамырдан бастап Алакөл көліне Шығыс Қазақстан облысы жағынан рейстер жөнелтеді: Астана-Үржар бағдары – 19500 теңге, ал Алматы-Үржар – 16000 теңге", — деп мәлімет берді ведомство.


"Жетісу" әуекомпаниясы Алматы облысы жағынан Алакөл көліне 1 маусымнан бастап рейстер аттандырады: Астана-Үшарал бағдары 16000 теңге тұрады. 27 мамырдан бастап Алматы-Үшарал бағдары бойынша тарифі 9000 теңге тұрақты рейстерді SCAT әуекомпаниясы жүзеге асырмақ.


Рейстердің нақты уақытын әуекомпаниялар мен әуежайларға хабарласып білуге болады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 21:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31