Нарық

Астана полициясы 8 жасар қызға неліктен айыппұл салынғанын түсіндірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астана қаласының Ішкі істер департаменті автотұрақ ақысын төлемегені үшін 8 жасар қызға айыппұл тағайындалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«2018 жылдың 20 маусымында алматылық 8 жасар қызға айыппұл тағайындалу фактісіне қатысты Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасы түсініктеме береді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды тіркегенде стационарлық сертификатталған құрылғылар автоматты түрде автокөлік иесінің барлық мәліметтерін көлік құралдарын тіркеу дерекқорындағы жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша белгілейді. Бқл факті соған байланысты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


ІІД-нің түсіндіруінше, дәл осы дерекқорында қате ЖСН көрсетілген. «Toyota camry» маркалы көлігін тіркеу картасында 8 жасар қыздың ЖСН-ы жазылған. Қазіргі уақытта нұсқамаға сәйкес түзетулер енгізілді және айыппұл көлік иесіне салынды.


Бұған дейін Алматы қаласының тұрғыны кішкентай қызының атына көлік тұрағындағы заңбұзушылық үшін айыппұл қағазы келгенін хабарлаған еді. Ер адам техникалық себептерге байланысты айыппұлды жою мүмкін еместігін айтып, шағымданған.


 




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.07.2018, 21:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31