Нарық

Астана супермаркеттерінде құрамында гендік түрлендірілген ингредиенттер бар АҚШ өнімдері анықталды

  • Сурет ғаламтр желісінен алынған

    Сурет ғаламтр желісінен алынған

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тексеру қорытындысы бойынша, америкалық өндірушілердің бірқатар өнімінде генетикалық түрлендірілген соя мен жүгері генінің сандық мөлшерінің (1,1-ден 38,7 пайызға) артқанын анықтады.


Барлық тамақ өнімдері АҚШ-та өндіріліп әкелінген. Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдердің құрамындағы гендік түрлендірілген ингредиенттер туралы ақпарат жоқ.


Осылайша «Pancake&Waffle» MIX Shop Rite» өндірушісінің құймаққа, вафлиге арналған қоспаларын, «Bread Crumbs ITALIAN STYLE» with Shop Rite» және «Bread Crumbs PLAIN Shop Rite» өндірушісінің ірімшік қосылған кепкен нан ұнтағын анықтау және айналымнан алу бойынша шаралар қабылдануда.


Сондай-ақ «Kellog Company» өндірушісінің «Kelloyy's Fan Pak» құрғақ таңғы асы және «IRVINE» өндірушісінің «Maruchan Ramen Noodle Soup Oriental flavor», «Maruchan Ramen Noodle Soup Shrimp flavor» «Maruchan Ramen Chicken Tortilla flavor» сияқты тез дайындалатын кеспенің үш түрі айналымнан алынады. Аталған өнімдер өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында Астана қаласындағы «Рамстор» және «Galmart» супермаркеттерінен бақылау сатып алуы кезінде анықталған.


Сонымен қатар Комитеттің барлық аумақтық органдарына көрсетілген өнімдерді анықтау үшін шаралар қабылдау және оларды айналымнан алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңының 6-шы бабына сәйкес, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тамақ өнімдерінің анықталғаны туралы тұтынушыларды ақпараттандыруға міңдетті.


24.kz 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.12.2017, 13:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31