Нарық

Астанада қымбат көлігінен айрылған жүргізушілер шу шығарды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Астанада күтпеген жерден көлігінен айырылған жүргізушілер машиналарын әлі қайтара алмай қиналып жүр. Салықшылар олардың көліктерін арнайы тұраққа қамап тастаған.


Өйткені, Моңғолиядан жеткізілген темір тұлпарлар Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен болып шықты. Бірақ, мұндай былық автомобильдер қолдан-қолға өткен соң бір-ақ белгілі болып отыр.


Алаяқтарға алданған азаматтар бұл. Қолдарында техпасорттан бастап, машинасының барлық құжаттарын ұстап жүр. Бірақ, көліктің өзі жоқ. Темір тұлпарынан айырылып қалғандардың бірі - Талғат Абаев. Жігіт ағасы, кореялық машинаны екі жыл бұрын Астанада 3,5 миллион теңгеге сатып алған екен. Бірақ, уақыт өте келе оны салықшылар әй-шайсыз тартып алған.


ТАЛҒАТ АБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


-Бұны біз де , өздері де түсінбей отыр. Мен білмеймін әдейі істеп отыр ма? Өйткені, міне заң бойынша тіркелген, өзіміздің көлігімізді жеке меншік, оған ешкімнің құқы жоқ алып қоюға. Аларда ең қызығы тексерістен өттік, "Цон"-нан өттік бәрі "таза" деді. Содан кейін ғана рәсімдедік біз бұл машинаны.


Сөйтсе, үш-төрт жыл бұрын Моңғолиядан Ресей арқылы әкелінген көліктер елімізге заңсыз кіргізілген екен. Яғни, шекарадан өткенде баж салығы төленген. Осылай құйтұрқы жолмен алаяқтар Қазақстанға бас-аяғы мыңға жуық көлікті кіргізіпті. Кейін жалған құжат жасап барлығын жаппай сатқан. Бір қызығы мұндай былық көліктер қолдан-қолға өтіп, бірнеше қожайыны ауысқан соң бірақ белгілі болып отыр. Сөйтіп, Мемлекеттік кіріс департаментіндегілер көліктерді ұстап жаппай тұраққа қамап жатыр.


АЙДЫН ОҚАҰЛЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


-Заңбұзушылықтарды білген болса, сол кезде шекарадан өткен кезде, немесе тіркеуден өтіп техпаспортты берер кезде құзырлы орындар қайда қарады? Сондықтан олардың маңдай тер ақыларымызбен алған заңды көліктерімізді тәркілеп алу құқы жоқ.


Осылай бірнеше күннен бері тұраққа қойылған көліктерін қайтара алмай қиналған жүргізушілер құзырлы орындардың табалдырығын тоздырып жүр. Бүгін әділдік іздеп, Бас прокуратураға да келді. Бірақ, ондағылар мардымды жауап қатпады. Ал, Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер болса, көлікті қайтарып алуға болады дейді. Бірақ, ол үшін әркім бір миллион теңгеге дейін баж салығын төлеуі тиіс.


ҒҰСМАН ӘМРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


-Заң бойынша 30 күннің арасында салық бажы мен төлемдерді төлеуі керек. Ақшаларын бермесе, оны біз мемлекет меншігіне тартып аламыз.


-Ал, басы бәлеге қалған жүргізушелер болса, бір тиын да төлемейміз деп отыр. Айтуларынша, баж салығын көлікті шекарадан заңсыз өткізгендер төлеуі тиіс. Сондықтан кінәлілерді тауып, соларды жазалау керек дейді. Қазір барлығы темір тұлпарларын өздеріне қайтару үшін сотқа арызданып қойған.


ktk.kz


 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.07.2018, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31