Нарық

Астанада тіркелмеген таксилер «Bus Lane» жолағына шықса жауапқа тартылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Көлік қызметкерлері қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов жолаушылардың жеке тасымалымен айналысатын жүргізушілерді «Bus Lane» жолақтарына шыққандығы үшін жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.


«Біз қазір ресми тіркелмеген такси жүргізушілерінің «Bus Lane» арнайы жол жолақтарына жиі шығып кететінін байқап отырмыз. Олар жазасыз қаламыз деп есептейтін болар, бірақ қыркүйек айында фото және бейне тіркейтін «Сергек» жүйесі іске қосылғандығын еске салғым келеді. Бұл жүйенің көмегімен ЖЖЕ-ін бұзудың фактілері, оның ішінде жеке тасымалмен айналысатын такси жүргізушілерінің «Bus Lane» жолақтарына шығуы да тіркеліп отырады», - деп хабарлады Медет Құрманов.


Елорданың көлік қызметкерлері ассоцияциясының төрағасының сөзінше, қазіргі таңда қоғамдық көліктерден басқа «Bus Lane» жолағымен Астананың жолаушылар көлігі басқармасында ресми түрде тіркелген тасымалдаушылардың көліктері жүреді. Ал, «Bus Lane» жолағына шығып жеке тасымалдаумен айналысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнымен қоса, ресми түрде тіркелген тасымалдаушылардың санын арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда. Енді «Astana taxi» брендімен тек такси қызметін көрсетуші компаниялар ғана емес жеке такси жүргізушілері де жұмыс істей алады.


«Қазіргі таңда бірыңғай такси қызметі жүйесіне тіркелу қиын емес. Ол үшін Таксомоторлы компаниялар қауымдастығына хабарласу қажет. Компанияның көлікке қоятын талаптары бар. Көлігіңіздің ескілігі 7 жылдан аспауы керек. Оның түсі ақ болғаны жөн. Жүргізушігеде талаптар қойылады олар тәрбиелі, жауапты, адамгершілігі мол азамат болғаны абзал», - деп айтты Медет Құрманов.


Қызметке ресми түрде тіркелген жүргізушілер «Astana taxi»-дің call-орталықтары арқылы тапсырыстарды қабылдау, «Bus Lane» жолағымен жүру мүмкіндіктерінен басқа ресми такси қызметтері елорда әуежайының, екі теміржол вокзалының аумағындағы мамандандырылған автотұрақтарға, астаналық таксиге арналған инфрақұрылымдардың шеңберінде құрылып жатқан басқа да қалалық тұрақтарды пайдалану құқығына ие болады.


«Жеке тасымалмен айналысып жүрген жүргізушілер «Astana taxi» қызметіне тіркеліп, соның арқасында бюджетке салық түсімдері өсті. Және қызмет бағасына бірыңғай тариф енгізіп, орталықтандырылған call-орталығы құрылып, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек», дейді Медет Құрманов.


 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 11.10.2017, 17:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31