Нарық

Астанадағы автобус картасына ақша неге бірден түспейді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгінде әлеуметтік желілерде электронды картаға ақшаның уақытында түспейтініне қатысты арыз-шағымдар көптеп айтылуда. Бір тәулік емес, тіпті екі-үш күнге дейін баланс түспей жатады. «Астана LRT» аталған мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Науат Азанбаеваның айтуынша, банк пен QIWI терминалдары арқылы салынған ақша бірден түседі. Себебі барлық карталар оффлайн режімде жұмыс істейді. Оған ұялы байланыс, я болмаса ғаламтор желісі керек емес. Ақша төленген бойда есеп-шотқа түседі. Ондай аударымдарға ғаламтордың бар-жоғы әсер етпейді.


«Мәселе мынада, ақша салғаннан кейін электронды картаны міндетті түрде активизациялау қажет. Ол үшін даладағы терминалға қойып, 4-5 секунд ұстай тұруға болады. Сонда «карта активирована» деген жазу шығады. Бұдан бөлек, автобус валидаторына қойып, 10 секундтай ұстап тұрсаңыз да болады. «Пополнение. Ок!» деген жазу шықса, карта іске қосылды деген сөз. Осылайша, ақша салған сайын картаны үнемі активизациялап отыру қажет. Мысалы, менің жолдасым Kaspi арқылы кешкі уақытта ақша салды да, таңертең еш қиындықсыз автобуспен жұмысқа барды. Сонда ол картаны көбірек ұстап тұрды да, «Пополнение. Ок!» дегенді күтті. Ал кейбір жолаушылар автобусқа кіргеннен кейін картаны жай тигізе салды. Сосын қызыл шамның жанғанын көріп, ақша түспеді деп ойлады. Жоқ, олай емес. Картаны 10 секундтай ұстап, активизациялау қажет», - деді Н.Азанбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.


Айта кетейік, Астанадағы қоғамдық көлікте сараланған тарифтер енгізілгелі бері картамен жүретін жолаушылар үшін жолақы бұрынғы күйінше қалды. Ал қолма-қол ақша беретіндер 180 теңге төлейді. Бірақ автобуста электронды картаны сатып алуға болады. Ішінде баланс болмаса да, баратын жерге тегін жетіп алуға мүмкіндік беріледі. Кейбір кондукторлар оны айтпайды, картаны сатса да, үстінен жол жүру ақысы - 180 теңгені де алып қояды.


Жыл басынан бері қоғамдық көлікте жолақы төлеуден бас тартқан 359 адам анықталды. Оларға салынған айыппұлдың көлемі - 1 726 790 теңгені құрады. Бұдан бөлек, аталған тәртіп бұзушылықтарға жол берген 130 кондуктор 1 563 250 теңгенің айыппұлын төлейтін болды.


 




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.07.2018, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31