Нарық

Астанадағы жеңіл рельсті көліктегі жолақының алдын ала бағасы аталды

  • © 24.kz

    © 24.kz

200 теңге - жеңіл рельсті көлікпен қатынаудың алдын ала бағасы шамамен осындай. Бұл туралы «Астана ЛРТ» компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Айтқазы Арықбаев хабарлады.


Қытайда жұмыс сапарымен жүрген білікті маманның айтуынша, 2020 жылы құрылысы толық аяқталып пайдалануға берілетін заманауи қоғамдық көліктің бастапқы жолақысы қаржылық-экономикалық негіздемеге сай есептелген. Бірақ алдағы уақытта әлде де жан-жақты сараланатыны сөзсіз.


Айтқазы Арықбаев, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:


- Жалпы құрылыс бойынша есептесек, фундаменттері, сваи, ротсверг, қадамалар солардың бәрі жалпы есептеген кезде 70 проценті бүгінгі таңда даяр. Оның жолаушылар тасымалдайтын көлікке келетін болсақ, оның сыйымдылығы 600 жолаушыға дейін тасиды. Және де орташа жылдамдығы 40-80 шақырымның арасында. Мысалы, аэропорттан жаңа теміржол возкалға дейін 30 минуттың ішінде өтеді.


Фу Сицзюнь, бас мердігер мекеменің сыртқы байланыс жөніндегі бөлім басшысы:


- 2016 жылы жобаға бірқатар өзгеріс енгіздік. Бүгінде жұмыс жоспарға сай жүргізіліп келеді. Инженерлік желілер 90 процентке дайын. Жоба 2019 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жеңіл рельспен жолаушылар тасымалдау жүйесінің жалпы ұзындығы 22 шақырым. 18 аялдама мен 19 жылжымалы құрам болады. Тәулігіне 146 мың адамды тасымалдайды.


Еске салайық, апта басында арнамызға сұхбат берген экономист Рустем Жансейітов жер-үсті метросының бағасы мың теңгеден жоғары болуы мүмкін деген болжамын айтқан болатын. Жоба жұмсалатын 1,6 млрд теңге көлеміндегі қомақты қаражатты ескерген сарапшы жеңіл рельсті тасымалдау жүйесінің арзан еместігін меңзеді.


24.kz


 




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31