Нарық

Астаналықтар көлікке арналған тұрақ орындарын жалға бере алады

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Астанада өтіп жатқан Халықаралық сәулетшілер конгресі аясындағы «Қала ортасы: Ақылды аудан» инновациялық байқауының бірінші орнын иеленген команда елордада көлік тұрақтарына арналған платформаны әзірлеуді ұсынған болатын. Жоба жүзеге асырылған жағдайда елордалықтар көлікке арналған тұрақ орындарын жалға бере алады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Сіз жұмыста болған уақытта, сіздің көлік қоятын орныңыз бос тұрады. Егер, мысал ретінде Министрліктер үйі маңындағы тұрғын үй кешендерін, яғни, «Нұрсая», «Новый мирді» алып қарайтын болсақ, мұнда күндізгі уақытта бос тұрған тұрақ орындары өте көп. Сол себепті, жұмыс уақыты кезінде олардың бос тұрмауын қарастыруға болады. Міне, аталған команда осы мәселенің шешімін ұсынып отыр. Яғни, жұмыс уақыты кезінде көлік қоятын тұрақ орнын бірнеше сағатқа жалға бере аласыз. Әдетте, жекеменшік тұрақ орындарының иелері ол орындарды басқалардың пайдалануына бергісі келмейді. Ал, мына жағдай екі тарап үшін де пайдалы болады», - деді «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» ЖШС жанындағы Урбанистика орталығы директорының орынбасары Асан Садуов.


Еске сала кетсек, елордада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтіп жатыр. Конгресс аясында «Қала ортасы: Ақылды аудан» инновациялық байқауының жеңімпаздары анықталған болатын. Байқау ұйымдастырушылары жеңімпаз командалардың идеялары алдағы уақытта жүзеге асырылатынын мәлімдеді.




 




 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.07.2018, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31