Нарық

Айлық жалақы 6000 доллар: Еуропаны бағындырған қазақстандық бас аспаз

  • Айлық жалақы 6000 доллар: Еуропаны бағындырған қазақстандық бас аспаз

    Айлық жалақы 6000 доллар: Еуропаны бағындырған қазақстандық бас аспаз

Копенгагенде әлемге әйгілі Нома мейрамханасын жаулап алған қазақ жігіті бір сәтте Қазақстанға танымал болды. Мишлен жұлдызына ие бұл мекеме өте сирек кездесетін теңіз тағамдарын әзірлейді. Сондай-ақ Нома мейрамханасында тамақтану үшін бірнеше ай бұрын алдын-ала жазылып, тапсырыс беру керек.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.


Бүгінде әлемге әйгілі мейрамхананы жаулап алған Мұхтар Қосбаев Нома мейрамханасында тәжірибеден өту үшін 150-інші үміткер болып, қатаң іріктеуден өткен. Аталған мейрамханада тәжірибеден өту үшін бүкіл әлемнен 5 мыңнан астам бас аспаз өтінім білдірген екен.


Сол қысқа уақыт ішінде қазақ жігіті өзінің кәсіби бас аспаз екендігін дәлелдей алды. Жақында оған осы мейрамханада жұмыс істеуді ұсынған екен. Бірақ ол Исландиямен басқа келісімшартта болғандықтан, бұл ұсыныстан бас тартты.


Еуропадағы ең атақты мейрамхананы жаулап алған қазақстандық бүгінде өз Отанында қазақ асханасын дамытуға ниет білдіріп отыр.


«Нома мейрамханасын құрушы Рене Редзепидің алғашқы екі аптадан кейін «Қазақстанда барлығы сіз секілді жігерлі ме?» деп сұрағаны есімде. Ол бұған дейін қазақстандықтар туралы ештеңе білмеген екен. Сондықтан ол кісінің мақтауын естіп, өз елімнің атын шығарғаныма қуандым. Намыс үшін тез және жақсы жұмыс істеуге тырыстым»,-дейді қазақстандық бас аспаз.


«Шын мәнінде, Рене Редзепи Нома мейрамханасын ашарда осы аймақта не өсетінін және олардың қандай тағамды тұтынатынын зерттей бастаған. Жалпы, олар өз аймағы туралы ештеңе білмеген. Қазақстанда да дәл осындай. Біз әлем бойынша аумағы үлкен 9-шы елміз. Менің ойымша, бізде көптеген нәрселерді өсіруге болады. Бірақ бізде мұны істемейді»,-дейді бас аспаз.


Қазіргі уақытта жас жігіт аспаздық тәжірибеге ие болып, сонымен бірге ата-бабаларымыздың дастарханға қойған тағамдары мен қазақ асханасы туралы оқып, зерттеп жатыр екен.


«Менің ойымша, біз Еуропаға көп еліктей бермей, бұрын не істегеніміз туралы және оны қалай қолданғанымыз жайлы ойлануымыз керек. Мен Рененің елдегі гастрономия саласының дамуына үлес қосқаны секілді, болашақта Қазақстанға да сол сияқты өз үлесімді қосып, ұлттық асхананы дамытқым келеді»,-дейді Мұқтар Қосбаев. 




Көрілген: 1508    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31