Нарық

«Айына 2,5 мың доллар алдым» – алты жыл Кореяда жұмыс істеген жігіт

  • «Айына 2,5 мың доллар алдым» – алты жыл Кореяда жұмыс істеген жігіт

    «Айына 2,5 мың доллар алдым» – алты жыл Кореяда жұмыс істеген жігіт

Беловодское ауылының тұрғыны (Қырғызстан) Авасбек Рысманов Оңтүстік Кореяда алты жыл жұмыс істеп келіп, басынан кешкенін әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sputnik-Қырғызстан.


Ол авиабилетке қажетті 700 долларды бір жыл бойы жинағанын айтады.


Сосын Инчхон қаласына келгенде өзге әлемге тап болғандай әсерде болғанын жеткізіпті.


«Әуежайының өзі біздің бүкіл Бішкек сияқты. Ондай биік үйлерді де өмірі көрмеппін. Кореяда алты жыл тұрғанымда бір рет те аяғым балшық баспады. Жердің бәрі түгел асфальт, немесе тас төселген, тап-таза. Кореяда LG техникасының корпусын шығаратын зауытқа оператор болып жұмысқа орналастым. Бірінші айда 800 доллар алғаным есімде. Одан кейін айлығым кейде 2 500 долларға дейін жетіп жүрді. Ол жақта жұмыс уақыты таңғы сағат 8-ден кешкі беске дейін ғана. Бірақ мен ақша табу үшін келген мигрант едім, тәулігіне 12 сағаттан жұмыс істедім, өйткені жалақы жоғары. Өзіме 300 доллар ғана жұмсап, қалғанын жинап жүрдім«, — дейді Авасбек.Оның айтуынша, Кореяда мүлдем кешігуге болмайды, тіпті 1 минутқа да. Сол себепті адамдар жұмысқа жарты сағат бұрын келуді әдетке айналдырған.


«Ол жақта әр адам өз жұмысын өте сапалы атқаруға тырысады. Олардың осы әдетін мен де үйрендім. Бірақ олар жаппай шошқа етін жейді. Маған қиын болды. Сол үшін аспаздар мен үшін арнайы жеке тамақ пісіретін. Ақыры отаныма қайта оралдым. Өз еліңе бәрібір ештеңе жетпейді екен. 2016 жылы елге оралып, үйлендім. Қазір қызымыз өсіп жатыр. Қазір жер алып, картоп өсірумен айналысамын«, — дейді Рысманов. 




Көрілген: 3048    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.02.2018, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30