Нарық

Азаматтардың барлық санаттарына арналған арзан пәтерлер сатылымға шығарылады

  • © 7kun.kz

    © 7kun.kz

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы операторларының бірі - «Бәйтерек девелопмент» АҚ азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімді тұрғын үйді сатуға шығарады. Бұл туралы ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Бүгінгі күні Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Орал, Шымкент, Екібастұз қалаларында дайын тұрғын үйлер сатылып та жатыр. Келешекте бұларға басқа өңірлер де қосыла алады. «Бастапқыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арналған еді. «Бәйтерек девелопмент» АҚ жылжымайтын мүлік объектілерін өткізу қағидаларына сәйкес жарты жылдан кейін қалған пәтерлер нарықтық шарттармен сатуға шығарылады және бұл тұрғын үйді кез келген қазақстандық азамат сатып ала алады», - деп нақтылады «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.


Шаршы метр құрылысының құны - тұрақты. Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін ол шаршы метрі 200 мың теңгеден, басқа қалалар үшін - 180 мың теңгеден аспайды.


Кейбір өңірлерде тұрғын үйді сатып алушылар бағдарламамен белгіленген параметрлерден төмен бағамен сатып ала алады.


Мысалы, Шымкентте ауқымы 40 ш.м. бір бөлмелі пәтерді 7 млн теңгеге сатып алуға болады. Оралда ұқсас пәтердің құны 5,6 млн теңгеден, Қостанайда - 5 млн теңгеден, Павлодарда - 6,3 млн теңгеден басталады. Барлық тұрғын үйлер таза әрленген және жайлылықтың үшінші сыныбына жатады.


«Бұл ретте ұсыныс жеке тұлғаларға да, заңды тұлғалар да таралады. Өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүдделі кез келген ұйым digital.baiterek.gov.kz онлайн-платформасында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімі арқылы пәтер сатып алу үшін өтінім жолдай алады», - деп толықтырды А.Өсербаев.


Сатып алушыларға төлем қабілеттілігінен басқа қойылатын негізгі талаптар жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы; заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуі және өз қызметін жүзеге асыруы болып табылады.


Пәтерді өз қаражаттарының есебінен немесе екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын тарту жолымен сатып алуға болады.


Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бойынша ипотеканы компанияның серіктес-банктері: АТФ-Банк, ВТБ, Сбербанк, Centrcredit ұсынады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинағы бар салымшылар тұрғын үйге бұрынғыша қол жеткізе алады.


 




Көрілген: 1195    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31