Нарық

Әзербайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатының қашан қайтарылатыны белгілі болды

  • Фото: yandex.kz

    Фото: yandex.kz

Қазақстан сатып алған Әзербайжан бағалы қағаздарының қолданылу мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейін созылды. Ол қарызды толығымен өтеуге кепілдік береді. Бұл туралы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының менеджері Қайрат Келімбетов хабарлады.


«Үш ай бойы Әзербайжан Халықаралық Банкінің БЖЗҚ-дағы қарызын қайта қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізілді. Олар 250 млн доллар негізгі қарызды өтеуге келісті. Пайыздық мөлшерлеме төмендеді. Алайда, халықаралық банк қағаздары Қаржы министрлігіне ауысты. Демек, Қағаздар қарыздың өтелуіне 100 пайыз кепіл болады. Құжат мерзімі — 15 жыл. Бұл іс жүзінде инвестициялардың табысына кепілдік береді. Оған өте нақты дәлел де бар», — деп атап өтті орталық менеджері.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде қағаздар техникалық түрде алмасты. Одан әрі бақылау Ұлттық банк пен БЖЗҚ-ның міндеті.


«Инвестицияланған ақшалар толық қайтарылады. Бұрын бағалы қағаздар мерзімі 10 жыл болса, қазір 15 жылға ұзартылды. Олар үнемі кіріс әкеліп отырады. Сонымен қатар, 40 миллион доллар облигация түрінде төленді. Шындығында жағдай қалыпты, алаңдауға себеп жоқ», — деп сендірді Келімбетов.


 7kun.kz




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.09.2017, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30