Нарық

"Азық-түлік корпорациясының" тұрақсыз баға саясаты тапшылыққа соқтыруы мүмкін - АШМ

  • © Ақтөбе газеті

    © Ақтөбе газеті

"Азық-түлік корпорациясы" шаруалардан қосымша 2 млн тонна бидай сатып алады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.


Айтуынша, бидай нарығында жағдай мәз емес. Дәнді дақылға сұраныс та, баға да түсіп кеткен. Ал шаруалардың банк алдындағы қарызы күн санап өсуде. Оған қоса, келесі жылы қуаңшылық болады деген болжам бар. Бидайдың арзандауына Ресеймен шекаралас қалалардан келетін заңсыз тасымал да әсер етіп отырған көрінеді.


Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:


- Бидай нарығындағы дәстүрлі ойыншы "Азық-түлік корпорациясы" белсенділік таныта алмады. Сатып алу кезінде баға саясатының тұрақсыздығы да әсер етті. Маусым басында тоннасы 42 мың теңге болса, кейін 39 мыңға түсіп кетті.


Бұл ұсынысқа Үкімет мүшелері қолдау білдірді. Премьер-министр әкімдерге өңірде арнайы штаб құруды тапсырды.


Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:


- Облыс әкімдері сатып алу бойынша арнайы штаб құруы керек. Әкімдік өкілдерінен бөлек, қоғам белсенділері, "Атамекен", Шаруалар одағы, басқа да тұлғаларды тарту керек. Ақша қажетті қолға жетті ме, әлде қазіргідей Ресейге немесе басқа да жерге кетіп жатқан жоқ па, соны қадағалау қажет.


astanatv.kz 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31