Нарық

БАҚ: Қазақстанда ұн тапшылығы болуы мүмкін

  • БАҚ: Қазақстанда ұн тапшылығы болуы мүмкін

    БАҚ: Қазақстанда ұн тапшылығы болуы мүмкін

 Оңтүстік Қазақстан облысында ұн шығарумен айналысатын 50-ге тарта кәсіпорын таяуда жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы «Тvk-uko» телеарнасы хабарлады. Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанда бензиннің соңын ала нанның да бағасы шарықтап кетуі мүмкін. Өйткені ОҚО-дағы ұн өндіретін ірі зауыттар бірер күннің ішінде жұмыстарын тоқтатпақ. Басты себеп, астықтың дер кезінде жеткізілмеуі. Ал қамбадағы қор таусылуға шақ қалған.


Биыл Солтүстік Қазақстан облысында бидай жеткілікті мөлшерде жиналған. Тек оны тасымалдайтын вагон жоқ. Салдарынан өңірдегі ұн шығарумен айналысатын 50-ге тарта кәсіпорын таяуда жұмысын тоқтатуы мүмкін. Тығырыққа тірелген кәсіпорын қожайындары бұл проблеманы шешуге Үкіметтің араласуын сұрап, дабыл қақты. «Қазір зауыттар қордағы соңғы бидайды өңдеп жатыр. Оның өзі бір-екі күнге ғана жетерлік. Ал шикізаттың жақын арада жеткізілуі екіталай. Өйткені, вагондардың барлығы Ресейде», - дейді кәсіпкерлер. Бұл мәселені әр зауыт өз бетінше шешуге әрекеттеніп көрген. Бірақ, нәтиже шықпаған. Облыстағы ең ірі компаниялардың бірі «Алтын Дәннің» өзі тасымал мәселесінен қиындық көруде. Аталған зауыт тәулігіне шамамен 15 вагон шикізатты қажет етеді. Ал бидайды жеткізіп беруі тиіс «Астық-Транс» әзірге тек уәде берумен шектеліп келеді. Вагондардың нақты қай күні босайтынын дөп басып айта алмауда. Онымен қоса, екі айдан бері тапсырыс қабылдауды доғарған. Мамандардың айтуынша, жағдай жөнге келмесе қамбадағы бидай шіріп кетуі мүмкін. «Диқандар өнімін сата алмай отыр. Өйткені біз ала алмай отырмыз. Бұл мәселені тіпті үлкен компаниялар да шеше алмауда. Себебі вагон жоқ», - дейді «Алтын Дән» ЖШС басшысы Бахарам Әбдікәрімов. Бизнесмендерді тығырыққа тіреген «Астық- Транс» Қазақстандағы бидай тасымалдайтын жалғыз компания. Оның өзі қазір Ресей Федерациясының меншігіне өтіп кеткен. «Халыққа айлық төлеуіміз керек, салық төлеуіміз керек. Мұның барлығы тоқтайды. Себебі зауыт тоқтайды», - дейді Бахарам Әбдікәрімов. Түйіткілді облыс деңгейінде шешу мүмкін еместігін айтқан кәсіпкерлер бұған үкіметтің араласуын сұрап отыр.


inform.kz




Көрілген: 458    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 29.10.2017, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28