Нарық

Бас прокуратура ұсталған "моңғол" көліктерін иелеріне қайтарды

  • © zarulim.com.ua

    © zarulim.com.ua

Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Бас көлік прокуратурасы Ресей-Моңғолия шекарасы арқылы Қазақстанға әкелінген автокөліктерді тәркілеу және уақытша тұрақтарға қою бойынша мемлекеттік кірістер мен ішкі істер органдары әрекеттерінің заңдылығына талдау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нәтижесінде көлік құралдары Қазақстанныңаумағына 2014-2015 жылдары әкелінгені және Ресейдің кеден органдарында жеке пайдалану үшін ресімделгені анықталған.


Алайда белгіленген мерзім өткеннен кейін автомобильдер кеден аумағынан шығарылмаған. Сол себепті Ресей тарапы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетіне олардың нақты орналасқан жерін тексеру өтінішімен жүгінген.


"Тексеру барысында көліктер ішкі істер органдарында жалған кеден декларациясы бойынша тіркелгені және көбісі бірнеше рет қайта сатылғаны белгілі болды. Жалпы ондай 850 автокөлік анықталды. Мемлекеттік кірістер және Әкімшілік полиция комитеттері олардың қазіргі иелерінен кеден салығын өндіріп алу үшін көлік құралдарын ұстауға кірісті. Тексеру барысында уақытша сақтау қоймаларына 32 автомобиль жеткізілгені белгілі болды", - делінген ведомство хабарламасында.




"Бас көлік прокуратурасы, жоғарыда аталған органдардың әрекеті асығыс және көлік құралдары иелерінің құқықы бұзылды деген тұжырымға келіп, Мемлекеттік кірістер комитетінің заңсыз ісіне наразылық енгізді. Нәтижесінде тәркіленген көліктер қазіргі иелеріне қайтарылды", - дейді Бас көлік прокуратурасының өкілдері.


Одан басқа, биылғы 19 шілдеде Бас прокуратура көлік құралдарын ішкі істер органдарында тіркеу барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен жүргізіліп жатыр.



 




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31