Нарық

Байбек Алматыда баспана арзандайтынын айтты

  • Байбек Алматыда баспана арзандайтынын айтты

    Байбек Алматыда баспана арзандайтынын айтты

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек халық алдында есеп беру кезінде пәтер бағасының арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Ескі үйде тұратын 400-ге жуық отбасы қоныстанған Түрксіб ауданының тұрғындары «Ескірген үйлер» мәселесі бойынша келді. Біз жүйелі анализ жүргіздік. Бүгінгі таңда Алматыда мұндай 900 үй бар. 8,5 мың отбасы аумағы 30 шаршы метр болатын пәтерлерде тұрып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Алматы қаласында жаңа құрылыс нысанын тұрғызатын жер жоқ немесе нысандардың бағасы экономикалық тұрғыдан өтелмеген. Сол себепті, Президентіміз айтқандай, «Ескірген үйлер» бағдарламасы аясында қаланы дамыта аламыз», - дейді Байбек.


Қала басшысының айтуынша, соңғы бес жыл ішінде ескі екі қабатты үйлердің орнына 54 жаңа үй тұрғызылып, 1,5 мың пәтердің жобасы жақсартылған.


«Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвестициялық потенциалы 600 млрд долларға бағаланып отырған бұл бағдарламаны жылдам жүзеге асыруымыз керек. Алматы қаласының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы бұл іске жекеменшік құрылысшыларды тартуымыз қажет. Анализ бір тоғыз қабатты үйді салу үшін 120 құрылысшы, инженер және жобалаушы жұмылдырылатынын көрсетіп отыр. Осылайша, «Ескірген үйлер» бағдарламасының арқасында 100 мың алматылық жұмыспен қамтылады. Практика бұл мәселеге келгенде біраз қиындық бар екенін көрсетіп отыр. Мысалы, үйде 12 пәтер бар делік. Ішінде бір отбасы келісім бермеуі мүмкін. Ол құрылыс жұмыстарын созып, мемлекеттен бірнеше есе көп ақша талап етеді. Осының салдарынан құрылыс жұмыстары 2-3 жылға созылып, басқалары жаңа пәтерге көше алмай отырады. Мұндай жағдайлар көптеп кездеседі. Мен осы мәселеге қатысты бірер сөз айтқым келіп тұр. Бұл бізге де, тұрғындар мен құрылысшыларға да қатысты. Мұндай баға болмайды. Бағалар төмендейді. Бүгін төртінші кластағы пәтерлердің көбеюі үшін жағдай жасап жатырмыз. Ал баға нарыққа сай реттеледі. Сол себепті, бұл мәселеге дұрыстап назар аударуымыз қажет. Біз инвесторлар іздеп, ескі үйлерде тұрып жатқандар жаңасына көшуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Жылдам әрі ыңғайлы. Тұрғындар бізді қолдауы тиіс», - деп қорытты ол.


 


 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 16:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30