Нарық

Бензин бағасы арзандай ма - Энергетика министрінің жауабы

  • Бензин бағасы арзандай ма - Энергетика министрінің жауабы

    Бензин бағасы арзандай ма - Энергетика министрінің жауабы

Бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін ведомство басшысы Қанат Бозымбаев бензин бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«ТМД елдері арасында бензин Түрікменстанда ғана бізден 15 пайызға арзан. Бірақ, Өзбекстанда біршама қымбат. Бізде бензиннің литрі жарты доллар болса, ол жақта екі есе қымбат бір долларға жуық. Қырғызстанда да жоғары, Ресейде 30-40 пайызға қымбат. Сондықтан Ресеймен шекара ашықтығын, ЕАЭО елдерінің ортақ нарығын ескерер болсақ, онда бензин бағасы арзандамайтыны анық. Дегенмен, жергілікті қорлардың есебінен бүгінгі күнгі баға деңгейін ұстап тұрмыз», - деді Қанат Бозымбаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Оның айтуынша, еліміздің жаңғыртылған барлық мұнай өңдеу зауыттары жобалық қуатына шыққаннан кейін 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ішкі нарық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіледі.


Бензинге, дизель отынына және авиакеросинге тәуелділік жойылады. Терең қайта өңдеу көлемі 63-тен 83 пайызға дейін артады. К4 және К5 экологиялық санатындағы өнімдер шығарылады және жанар-жағармайды экспортқа шығару мүмкіндігі туады.


«Ішкі нарықта отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бензин бойынша 90, дизель отыны бойынша 90 және авиакеросин бойынша 70 пайызды құрайтын болады», - деді ол.


 




Көрілген: 1042    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31