Нарық

Бензин экспорты: Қазақстан кедендік баж салығын өзгертуге кірісті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Энергетика министрлігі бензин мен дизельді отынның экспорты бойынша кедендік баж салығын реформалауды бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Kazenerdgy» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауовтың айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан мұнай өнімдерін экспортқа шығара алмайды. Аталған міндет арнайы келісімде көрсетілген. Бірақ биыл үш мұнай өңдеу зауыты толығымен іске қосылғаннан кейін дайын мұнай өнімдерінің көлемі артады. Оны бір жаққа экспорттау қажет.


«Қазіргі кезде Энергетика министрлігі бензин мен дизельді отынның экспорты бойынша кедендік баж салығын өзгертуге кірісті. Біз де аталған жұмысқа атсалысып жатырмыз. Енді, келесі жылдың 1-ші қаңтарына дейін бензин мен дизельді отынды экспортқа шығара алмаймыз. Дегенмен, өзімізде мұнай өңдеу көлемі айтарлықтай артады. Сондықтан жақын және алыс шет елдерге мұнай өндімдерін тасымалдау жолдары ашылса екен дейміз», - деді Ә.Мағауов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Оның сөзіне қарағанда, бүгінде мұнай өнімдерінің акциздері саласында бірқатар мәселелер бар. Отандық өнім өндірушілер тым көп төлейді. Ал көрші ресейліктер екі есеге төмен акцизді төлеп, өз өнімдерін тасымалдай береді.


«Акциздің мөлшері бірдей болуы керек. Мәселен, ресейліктер өз бензинін импорттағанда 4 500 теңге төлесе, отандық зауыттар 10 500 теңге төлейді. Сол сияқты дизельді отын бойынша көршілер 540 теңге аударады. Ал отандық өнім үшін 9 300 теңге төлеуге тура келіп отыр», - деп атап көрсетті Ә.Мағауов.


Айта кетейік, бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Kazenerdgy» қауымдастығы арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, шетелдің дипломаттарына мұнай-газ саласындағы жоспарлар туралы айтып берді.


 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.07.2018, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31