Нарық

Биыл Қазақстанда ет қаншаға қымбаттады?

  • Биыл Қазақстанда ет қаншаға қымбаттады?

    Биыл Қазақстанда ет қаншаға қымбаттады?

Желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында сиыр етінің бағасы бір айда - 1,4%, ал өзге ет түрлері 1%-ға қымбаттады. Жалпы бір жыл ішінде сиыр етінің бағасы - 17%, қой етінің бағасы - 14%, жылқы мен шошқа еті 9-10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Бір жылда «ақ» етті (құс еті) өндіру көлемі 8%-ға артса, «қызыл» етті өндіру көлемі керісінше 13%-ға төмендеді. ҚР 10 ай қорытындысына сәйкес, 197,6 мың тонна ет пен етті тағамдар өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға көп.


Әдеттегідей Алматы облысы етті басқа аймақтарға қарағанда көп өндірген - 55,8 мың тонна. Бұл жалпы өнімнің 28%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз. Аталған аймақта шошқа бағатын «Бекон» зауыты мен құс асырайтын «Казрос-Бройлер», «Когер ЛТД», «Алель Агро», «Алатау-Құс», консервіленген ет әзірлейтін «Первомайские Деликатесы» сынды кәсіпорындар жұмыс істейді.


Мұнымен қатар, үздік үштікке ШҚО (бір жылда 37,1 мың тонна, +16,6%) және Ақмола облысы (18,8 мың тонна, +41,2%) кіреді. Мүйізді ірі қара, шошқа, қой, қозы және жылқының тың және мұздатылған етін өндіру 13,2%-ға дейін төмендеді. Бұл дегеніңіз – 60,8 мың тонна.


Осы тұста керісінше құс етін өндіру 7,9%-ға, 42,4 мың тоннаға артқан. Ет, субөнімнен консервіленген және дайын тағамдарды өндіру көлемі 1,2%-ға, 48,2 мың тоннаға артты.


10 ай қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпкерлер ет пен құс етіне, етті субөнімдерге деген сұранысты 83,5%-ға орындады. Импорт үлесі 16,5%-ға ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда 14,9%-ға, ал жалпы импорт көлемі 19,2%-ға өсті.


2017 жылдың қаңтар-қазан айларында экспорт көлемі керісінше 24,9%-ға, 7 мың тоннаға дейін қысқарды. ҚР АШМ мәліметінше, 1 қаңтар мен 30 қараша аралығында Қазақстан 11,1 тонна ет экспорттады. Осы экспортталған еттің 53,6%-ы «қызыл» етке, қалған 46,4%-ы «ақ» (құс еті) етке тиесілі. Ең көп ОҚО (2,9 мың тонна), БҚО және Алматы облысы (1,9 мың тонна) ет экспорттады.


Желтоқсан айында ҚР базарлары мен дүкендерінде ет килограмының бағасы 1,4 мың теңге (бір жыл ішінде +14,2%), дәлірек шошқа еті – 1,2 мың теңге (бір жыл ішінде +10,1%), жылқы еті – 1,6 мың теңге (+9,2%), сиыр еті – 1,4 мың теңге (+16,6%) қымбаттады.


Сиыр бауыры 14,1%-ға, килограмы 849,6 теңгеге, тауық еті - 5%-ға, килограмы 750,3 теңгеге, тауық саны - 10,3%-ға, килограмы 666,5 теңгеге қымбаттады. Шошқаның қыртыс майы айтарлықтай қымбатаған (бір жылда 12,2%-ға, 1,4 мың теңгеге). Пісірілген шұжық 7,8%-ға, 1,6 мың теңгеге, ал кептірілген шұжық 6,3%-ға, 1,8 мың теңгеге қымбаттады.




Көрілген: 356    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 22.12.2017, 20:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31