Нарық

Биылдан бастап еліміздегі көпқабатты үйлер тұрғындардың өз жинақ есебінен жөнделеді

  • © admkamyshin.info

    © admkamyshin.info

Бұл бастама «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша іске аспақ.


Қанатқақты жоба аясында тозығы жеткен үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Салынғанына 25 жыл болған үйдің қазіргі кейпі қандай?


Бұл үйді жұрт жертөлесі қалдық судан арылмағандықтан «Титаник» деп атанып кеткен. Ал қазіргі көрінісі мүлде өзгеше. 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында үйді қайта жаңғыртуға 73 миллион теңге несие бөлінген. Бұл шығынды тұрғындар 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс.


Төлем жағынан көпбалалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған.


Ольга Кек, қала тұрғыны:


– Үйіміз күрделі жөндеуден соң айтарлықтай өзгерді. Мәселен, жөндеу кезінде қымбат роботтандырылған жылу торабы орнатылды. Содан кейінгі жылуға да басқа тұрғын үйлерге қарағанда айтарлықтай аз төлейтін болдық. Дәлізден бастап түгелі түбегейлі жаңартылды.


Қысқа уақыт ішінде ғимараттың қасбеті мен келбеті, шатыры мен жертөлесіне дейін жаңартылды. Үйдің жылу жүйесі де толықтай ауыстырылған.


Азамат Қалдарбеков, басқарушы компанияның бас директоры:


– Мына жөндеу жұмыстарының төлемақысын уақытылы төлеу үшін жағдайы төмен отбасылар ТКШ қазорталығы есебінен 23 млн-ға мемлекеттік жәрдемақы төленген болатын. Сондықтан төленетін құны айына 800-1000 теңгеден аспайды.


Осылайша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы көпқабатты ескі үйлерді қалпына келтіруді қолға алмақ. Олар тек ипотекалық компаниялар қарауындағы үйлерге жөндеу жүргізеді. «Себебі қаржы тұрғындардың жинақтау есебінен ұсталады», – дейді мамандар.


24.kz


 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.01.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30