Нарық

Биылғы аяз еліміздің оңтүстігінде газ тұтынуды рекордтық көрсеткішке жеткізді

  • Биылғы аяз еліміздің оңтүстігінде газ тұтынуды рекордтық көрсеткішке жеткізді

    Биылғы аяз еліміздің оңтүстігінде газ тұтынуды рекордтық көрсеткішке жеткізді

Биыл қыстың суық болғаны соншалық, еліміздің оңтүстік облыстарына жеткен қатты аяз табиғи газды тұтыну көлемін күрт өсіріп, рекордтық көрсеткішке жеткізді. Егер бұрын елдің оңтүстігі аязды күндері тәулігіне ең көп дегенде 24 миллион текше метр газ тұтынған болса, осы күндері бұл көрсеткіш тәулігіне 35 млн. текше метрді құрайды.


Газ тарату желілеріне жүктеменің өсуі, сондай-ақ оңтүстік өңірлер үшін тым төмен температура авариялық жағдайлардың және кейбір учаскелерде табиғи отынды берудің азаюына себеп болды. Мамандардың айтуынша, негізінен, шағын жеке компаниялардың басқаруындағы және солар қызмет көрсететін газ тарату құбырлары мен жабдықтар істен шыққан.


Осы жеке газ тасымалдаушылардың абоненттеріне қажетті газ қысымының жетпеу себебі – олар жүргізген газ құбыры жүйелерінің өткізгіштік қабілеті өте төмен. Көбірек пайда табу үшін жеке компаниялар, газ құбырының өткізу қабілетін ескерместен, абоненттерді артығымен, мейлінше көбірек, желіге қосып отырған. Сондықтан, газды тұтыну көлемі артқан кезде, құбырдағы қысымы шектеулі газ абоненттердің барлығына бірдей жетпейді.


Ал дұрысында, абоненттер саны өскен кезде, тұтыну көлеміне сай, газ құбырлары жаңартылуы тиіс. Оған мысал - ҚазТрансГаздың газ құбырларын жаңартқан учаскелерінде бірде-бір төтенше жағдай орын алған жоқ. Тиісінше, осы модернизация арқылы, ұлттық газ операторының сервисінде тұрған барлық инфрақұрылым, өз абоненттерінің тұрақты және үздіксіз газбен жабдықталуын қамтамасыз етті. Туындаған авариялық жағдайлар шұғыл түрде шешілді.


Табиғи газдың рекордтық тұтынылуы «ҚазТрансГаз» АҚ үшін күтпеген жағдай емес. Ұлттық оператор осымен үшінші жыл қатарынан қысқы жылыту маусымы кезінде отандық газды тұрақты жеткізу арқылы елдің оңтүстігін газбен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Мұндай нәтижеге компания «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын, компрессорлық станцияны және бірқатар инфрақұрылымдық объектілерді салу арқылы қол жеткізді.


«ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз ҰК АҚ құрамына кіреді) отандық және шетелдік газ нарығында да мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдайтын компаниясы болып табылады. Компания магистральдық газ құбырлары мен газ таратужелілері арқылы тауарлық газ тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.


«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30