Нарық

БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті

  • БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті

    БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті

"БЖЗҚ" АҚ өзінің ресми сайтында зейнетақы активтерінің портфелін басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі туралы ай сайын ақпарат жариялап отырады.


2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің толыққанды құрылымы мына сілтеме бойынша қолжетімді. ҚР Ұлттық Банкі ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өзінің инвестициялық стратегиясында әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады. Инвестициялық портфель әр түрлі қаржы құралдарынан тұрады. Қордың мәліметінше, 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті. Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына" тиесілі. Олардың пайыздық үлесі - 46,74 пайыз болды. Ағымдағы құны - 3,95 триллион теңге. Екінші орында "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары". Олардың портфельдегі үлесі - 14,22 пайыз. Ал ағымдағы құны - 1,2 триллион теңге.

Үшінші орында "Шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары" деп аталатын қаржы құралдары. Олардың портфельдегі үлесі - 10,22 пайыз болса, ағымдағы құны - 863,25 миллиард теңге. Инвестициялаудың тағы бір бағыты - ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі - 8,66 пайызды, ал ағымдағы құны 731,56 миллиард теңгені құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (67,89 пайыз), АҚШ долларында (31,60 пайыз) және Ресей рублінде (0,41 пайыз) номинирленген. Бұл ретте 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 7,2 пайыз құрады, оның ішінде теңгеге номинирленген - жылдық 8,4 пайыз, шетелдік валютада жылдық 4,4 пайыз болды.

 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.07.2018, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31