Білім беру экономикасы нарық жағдайында

Білім беру экономикасы нарық жағдайында

Нарықтық экономикаға көшу Қазақстанда білім беру қызметі көлемінің күрт өсуіне әкеліп соқты да, сұраныс пен ұсынысқа байланысты бола бастады. Бірақ, білім беру және еңбек нарығының басқа нарықтан ерекшелігі сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең емес. Егер еңбек нарығында ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен көп болса, білім беру қызметі саласында керісінше, білімге деген сұраныс көлемі ұсыныстан көп.

Нарықтық экономика оқытушыларға жоғарғы талап қоя бастады және жоғарғы оқу орындарының экономикалық жағдайының бюджеттік емес қаражатқа тәуелдігі артты. Студенттер саны ақылы білім қолжетімділігі артуы арқылы өсті. Сонымен қатар региондарда филиалдар ашылып, тұрғын халықты жоғарғы біліммен қамту аймағы ұлғайды.

Ақылы білім беру саласының негізгі проблемалары мынадай: біріншіден, ақылы білім алатын студенттерді жоғарғы оқу орындарынан шығару жұмыссыздар санын көбейтіп, жастар арасында құқық бұзушылықтың артуына әкеліп соғуы мүмкін. Екіншіден, оқу ақысын төлей алмайтын студенттер төменгі деңгейлі жоғарғы оқу орындарына ауысуына байланысты білім сапасы төмендейді.

Білім беру саласы экономикалық және әлеуметтік маңызы бар «өнімді» өндіреді. Оны қалай бағалауға болады? Біріншіден, білімнің экономикалық нәтижесі адами капиталдың мөлшерімен, екіншіден, оқу бағдарламасын аяқтаған соң жеке адам бойындағы пайда болған оң өзгерістермен анықталады. Ал, «өнімнің» әлеуметтік маңызын түлектер арасында девиантты тәртіп элементтері қаншалықты байқалады, сол арқылы анықтауға болады.

Неге біз кедейміз деген сұраққа әлеуметтік айырбас моделін пайдаланып жауап беруге болады. Бұл модельдің негізгі элементтері өзекті орта, тұтынушылар, «соңғы өнім». Өзекті орта ол әлеуметтік институттар: мемлекет, мәдениет, отбасы, экономика, ғылым, білім, саясат, дін; әлемдік жүйе, өркениет, нарық; табиғат, экология; этникалық потенциал. Білім жүйесінің тұтынушылары тұрғын халық, мемлекет, жұмыс берушілер, тапсырыс берушілер.

Білім беру саласы адамды жалпы қалыптастырмайды, нақты қоғамда және сол қоғамға сәйкес адамды қалыптастырады.

Ал соңғы өнімі болып адам капиталы, білім беру қызметі, үлгілі тәртіп, денсаулық, әлеуметтік құрылым, қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігі. Осы үш элеметтің өзара байланысы әлеуметтік айырбас моделін мағынасын құрайды. Қоғамда білім беру саласы арқылы ресурстар алмасуын көрсетеді. Ресустардың тиімді түрде алмасуы арқылы қоғам өзінің келесі жоғарғы сатыға көтеріледі.

Білімнің қажетсіздігі немесе алынған білімнің тиімді пайдаланылмауы, сапасыздығы - ең үлкен әлеуметтік мәселе – кейбір мемлекеттердің кедейлігінің бір себебі болып табылады.

Кейбір жағдайда оқу орнын бітірушілер жоғары білімді қажет етпейтін мамандықтар бойынша жұмыс істейді, деквалификацияға ұрынады. Әрине жоғары білім болуы жұмысқа тұру үшін қажетті және жеткілікті шарт емес, бірақ өте жағымды, жақсы әсер ететін фактор.

Қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік білім беру саласында әлі де жалғасуда. Жыл сайын студенттер қатары шамамен 68% жоғары статусты тұрғын халық, 32% төмен статусты тұрғын халық өкілдерімен толықтырылуда. Яғни төмен статусты тұрғын халық арасынан шыққан жастар екі есе аз. Сапалы білім кез келген тұрғын халықтың өкіліне қолжетімді деген көзқарас қазіргі заманға сәйкес емес.

Сапалы білім тұрғын халықтың кез келген өкіліне қолжетімді болуын өткір түсінгендер де болды. Мәселен, 1960-шы жылдары академик М.А. Лаврентьев Новосибирскдегі Академиялық қалашықтан ғылыми қызметкерлер мен студенттерді Совет Одағының түпкір- түпкіріне білімге құштар жасөспірімдерді іздеп, тауып келуге жібереді екен.

Білімнің қажетті болмай қалуының қандай себеп салдары болуы мүмкін? Әлеуметтік капитал сапасының төмендеуі эмиграция, наркомания, алкоголизмге әкеп соғуы мүмкін.

Әрине оқу жүйесіндегі реформалар пайдалы. Ол үшін оған сұраныс және оны іске асыруға қабілеті адамдар қерек. Мүмкін оқытушылардың жартысы білім беру саласын модернизациялауды қолдайтын шығар, бірақ олар жиі болатын реформалардан шаршаған.

Сонымен қатар, жоғары оқу орны оқытушыларының еңбек ақы деңгейі төмен, орташа жастары ұлғайған, қоғамдық ортада бұрынғыдай мәртебелі емес.

Адам капиталына салынатын негізгі инвестициялар - білім беру, өндіріске дайындау, денсаулық сақтау, тәрбиелеу, келесі ұрпақты қайта өндіріске баулу - білім беру саласында іске асады.

Білім беру саласы әлеуметтік ұтқырлық, қоғамның жіктелуі және қоғамның бірігуін қамтамасыз ететін зор күш. Ол сапалы әлеуметтік капиталды қалыптастырады. Сапалы әлеуметтік капиталға сұраныс артқанда білім беру саласы өркендейді деп ойлаймыз.

Ләззат Сейітқазықызы Спанқұлова

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Нархоз Университеті, Қаржы және технологиялар мектебі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста