Бөдене бизнесі қазаққа бөтен емес

Бөдене бизнесі қазаққа бөтен емес

Бөдене асырап, еті мен жұмыртқасын сатылымға шығарып отырған кәсіпкер Өскеменде біреу-ақ. Экологиясы нашар аймақтың тұрғындары үшін бөдененің жұмыртқасы пайдалы екенін түсінген Жанат Тасылбаева былтыр ғажайып құсты өсіруді қолға алған еді. Ә деп бастағанда оңайға соқпаған шаруасы бүгінде кеңейіп келеді.

Жанат Тасылбаева өз кәсібін ашпас бұрын кіріс-шығысты әбден зерттейді. Бірнеше қайтара есептейді. Мамандығы экономист болғандықтан ба, есеп-қисапқа өте көп мән берді. Ешкімде жоқ ерекше кәсіп ашқысы келген ол алғашында түйеқұс өсіруді жоспарлаған. Бірақ түйеқұс шаруашылығы пайда әкелуі үшін шығатын шығыны да көлемді еді. Кәсіп көздерін қарастыра келе, күндердің күнінде бөдене өсіруге бел байлайды. Ғаламтордан бөдене өсірудің қыр-сырын оқып, осы құсты өсірушілермен кеңеседі. Кейіннен бұл кәсіпті Алматыға барып тәжірибе жүзінде меңгере бастайды. Ол жақтың өзінде бөдене өсіретін бір ғана ірі ферма бар екен. Сол жердегі мамандардың көмегімен Жанат біраз тәжірибе жинайды.
Мамандардың көмектеріне риза болған ол жүз бөдене сатып алады. Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз болып жатқан наурыз айында анау Алматыдан Өскеменге дейін бөденелерді қалай жеткізбек? Жанатты енді осы сұрақ мазалайды. Жылы көліктер болса, құдайдың құнын сұрайды. Тығырықтан жол табу үшін Жанат Тасылбаева жануарларды тасымалдау жөніндегі ережелерді қарастыра келе, пойызбен жеткізуге тоқталады. Ереже бойынша билетті бір купеге бір-ақ сатып алады. Бәрі де заң бойынша. Ветеринардың берген анықтамасы да - қалтада. Айтуға оңай көрінгенімен, тілдей анықтаманың өзін алу үшін бірнеше күн жүреді. Аяқтан таусылып, талай табалдырықтарды тоздырды. Бірақ бұл бастаған шаруасының басы ғана еді...

Сары ауыз балапандары жолды көтере алмапты
Темір жол вокзалына бағыт алған такси Алматының кептелісінде ұзақ тұрады. Жүк салғышында бөдене салынған қораптары бар. Пойыз әне-міне жүргелі тұр дегенде әзер жетеді. Абыр-сабыр вокзалда Жанат жолдасы екеуі қораптарды өздері отыратын вагонға қарай таси бастайды. Құстардың шиқылдаған дауысы да әрі-бері өткендердің назарын аудармай қоймайды. Барлық қораптарды вагонның жанына жеткізіп болдық дегенде, жол серік бөденелерді кіргізуге үзілді-кесілді қарсы болады. Алған беттен қайтпаған кәсіпкер жолсеріктің алдына жануарларды тасымалдау жөніндегі ережені жайып тастайды. Бәрі заңды. Тиісті құжаттарды көрсетіп, алдын ала сатып алынған купеге жайғасады. Қораптардағы бөденелерді ыңғайлы етіп орналастырады. Арасында жұмыртқадан жаңа шыққан сары ауыз балапандары да бар. Алайда олардың бірі де жолды көтере алмайды.

Бұл қанаттыны бабын білген өсіреді
Жанат Тасылбаева үйіне жете салысымен бөденелерді ауласындағы шағын қораға орналастырады. Стандартқа сай етіп тордан үйшік жасайды. Күнделікті мөлшермен қорегін, суын беріп отырады. Бірақ неліктен екені белгісіз, құстар қырыла бастайды. Шаруасын жаңа бастаған кәсіпкер үшін бұл жағдай үлкен проблемаға айналады. Қалада бөдене өсірушілер болмағандықтан, ғаламтор арқылы Алматыдағы, Ресейдегі достарымен ақылдасады. Тіпті, өлген бөдененің іш құрылысын да зерттейді. Ақыры ауырған бөденені ветеринарлық зертханаға апарып талдау жасатады. Бұл жердегі мамандар да Жанаттың өтінішін бірден орындай қоймайды. Десе де, сараптама қорытындысы шығып, ауырудың себебі анықталады. Содан бастап Жанат өзі құстарды емдеуге кіріседі. Көп ұзамай құстар қайта қанат жайып, өсіп-өне бастайды.
- Бөдененің бабы қиын екен. Асыраудың да өз құпиялары бар. Қазір құстар көбейіп, күніне 500-дей жұмыртқа беріп отыр. Жұмыртқаны Өскеменнің дүкендерінде барынша төмен бағамен сатып отырмыз, - дейді табандылығының арқасында кәсібін ашқан Жанат Тасылбаева.

Жапонияда күніне әр бала екі жұмыртқадан жейді
Бөдененің жұмыртқасы экологиясы нашар аймақтарда тұратын адамдар үшін өте пайдалы екенін шетелдіктер жақсы білетін сияқты. Мәселен, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстардан кейін ғалымдар бөдененің жұмыртқасы адам ағзасы үшін таптырмас ем деп тапқан. Ол адам денсаулығын қалыпқа келтіреді, ағзадағы улы заттарды шығарады екен. Жұмыртқа құрамында адам бойына керек дәруменнің бәрі бар. Қазіргі таңда Жапонияда әр бала күніне бөдененің екі жұмыртқасын жеп отырады екен.
- Бір жағынан өз кәсібім арқылы елге пайдам тисе деп ойлаймын. Қалалық жердің экологиясы нашар. Ал тұрғындары жұмысын, үйін тастап ешқайда көшпейді. Дей тұрғанмен, денсаулық та маңызды. Сондықтан бөдененің жұмыртқасы мен етін үнемі тұтынған жөн, - дейді бөдене өсіруші.
Жұдырықтай бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасындай болғанымен, құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасынан әлдеқайда жоғары. Инкубатордағы жұмыртқалардан он жеті күн ішінде балапан шығады. Олар бір жарым ай ішінде өсіп, жетіліп, жұмыртқа таба бастайды екен. Әтештерін де бір жарым айдан кейін соя беруге болады. Еті болса, ағзадағы радиацияны шығаратын көрінеді. Жанат Тасылбаева әтеш бөденелерді сойып, етін мейрамханаларға өткізеді. Бөдене бағу үшін үш адамды жұмыспен де қамтып отыр.
Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несиені Жанат кейіннен алған. Ашқан шаруасы әбден аяққа тұрып, кіріс әкеле бастаған кезде ғана несиенің көмегіне жүгінген. Қолға қаржы тие салысымен бөденеге жайлы қора салуды бастайды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы, бөденені ауылдық жерде, саяжайда да асырауға болады. Тек асыраудың бабын біліп алсаңыз болғаны. Ең бастысы, бөдене сальмонеллез, құс тұмауы ауруына шалдықпайды.

Керек дерек

Бөдене жұмыртқасы таптырмас ем.
• Бас ауруына.
• Демікпе мен туберкулезге.
• Қан қысымының көте¬ріліп және түсіп кетуін реттейді.
• Асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады.
• Жапондықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқастың қатерлі ісіктің өзінен тәуір болатынын дәлелдеген көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста