Нарық

«Босқа шашылдық па?». ЕХРО-ға қойылған жаңа технологиялар қолданысқа енгізілмек

  • «Босқа шашылдық па?». ЕХРО-ға қойылған жаңа технологиялар қолданысқа енгізілмек

    «Босқа шашылдық па?». ЕХРО-ға қойылған жаңа технологиялар қолданысқа енгізілмек



Энергетика министрлігі ЭКСПО көрмесіне қойылған жаңа технологияның 105 түрін іріктеп алды.


Енді бұл жобалар қолданысқа енгізмек деп хабарлады «Хабар-24» телеарнасы.



Қазірдің өзінде 9 компания 42 технологияны іске асыруды жоспарлап отыр. Ал 12 жобамен әкімдік айналысса, 14-ін жоғарғы оқу орындары ғылыми зерттеу мақсатында пайдаланады.



Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте айтылды. Осылайша 2020 жылға таяу электр энергиясындағы баламалы қуат көздерінің үлесін 3 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.


Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, бұл көрсеткіш былтыр 1 пайыз болған. Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкі жаңартылатын энергияны дамыту үшін бізге 200 млн доллар бөлмек. Бұған қоса өзге қаржы ұйымдары тарапынан 480 млн шетел валютасы тартылады.


Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: 


— Бұл технологиялардың тізімі кеңеюі мүмкін. Бірақ, технологияларды іріктеп алғаннан кейін  оны енгізгенге дейін арада шамалы уақыт өтеді. Оны ескеру керек. Әрине бұл бастама тиісті ресурстар бөлуді қажет етеді. Бірақ жобалардың экономикалық және экологиялық, әлеуметтік  тұрғыдағы тиімділігі орасан зор болуы мүмкін.


 Камшат Сатиева


kaz.365info.kz






Көрілген: 577    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 23.09.2017, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30