Нарық

Бюджет қаржысымен шетелде емделуге жолдама қай санаттағы азаматтарға беріледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан азаматтарының жекелеген тізімі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселесін шешу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс органының қарауына тиісті құжаттарды енгізеді. Жұмыс органы аталған құжаттарды қарастырып ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу жөніндегі комиссияның отырысына шығарып, шешім қабылдайды», - деп жауап берді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына министрліктің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова.


Департамент директоры сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін ұсынды.


«Олар: көрсетілімдері болған және ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 18 жасқа дейінгі балалар. Сонымен бірге, ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен, ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері», - делінген жауапта.


Министрліктің өкілі шетелге емделуге жолданған пациенттің шығындары бюджет қаражаты есебінен өтелетінін мәлім етті.


«Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жолданатындар - көбіне әр түрлі онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттер», - дейді Лаура Ахметниязова.


Министрлік өкілінің жауабына сәйкес, Қазақстандағы өзге өңірлерден гөрі Алматы және Астана қаласы, Шығыс Қазақстан және Алматы облысынан науқастар шетелде емделуге көбірек өтінім береді.

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.04.2018, 18:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30