Нарық

Біз елдегі экономикалық ғылымды түбегейлі жоқ қылдық - Т.Құлыбаев

  • © inform.kz

    © inform.kz

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай кедендегі ортақ проблемаларды көрсетті. Бүгін ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысында "Атамекеннің" төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді.


Оның сөзінше, көршілес ел тарапынан шекара төңірегінде жүздеген іс қозғалған. Мәселе шешілу үшін біздің кәсіпкерлерге тиімді жол ұсыну керек дейді ол.


Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:


- Ондағы жағдай қиындай түсті, үлкен контрабандалық әрекеттер болыпты. Біз мұны бұрын білмеп пе едік? Бұл кедендік жүйеде әлі де бас ауыртар мәселе бар екенін көрсетеді. Біріншіден, бұл жүйені біздің кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ету керек. Екіншіден, кедендік комитеттің тапсырмалары орындалуы керек.


Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:


- Халықаралық саудада ілгерілеушілік жоқ. Бұл бірінші кезекте осы шекара мәселесі. Бізде теңізге апарар жол жоқ дегенімізбен, біз ондай жалғыз мемлекет емеспіз ғой. Барлық іс-шара кеден бекетінде. Бәрі қолмен жасалады. Бәрі бұлыңғыр. Салдарынан алға басушылық жоқ.


Жиында отандық көлік өндірісі де сөз болды. Сәтті жоба ретінде қатысушылар Өзбекстанды мысалға келтірді. Ондағылар көлікті шығарып қана қоймай, газ-химиялық ғылымға қадам басқан. Қосалқы бөлшектерді де өздері шығарып отыр. Ал, біздегі көлік өндірісі дамып келе жатыр дегенімізбен, бұл саланың экономикаға әкеліп жатқан пайдасы шамалы, дейді Тимур Құлыбаев.


 astanatv.kz




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30