Нарық

Дағдарысты еңсерген Есімов

  • Дағдарысты еңсерген Есімов

    Дағдарысты еңсерген Есімов

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталған соң бүкіл елдің иығынан жүк түскендей жеңілдеп қалды. Еліміздің биылғы жылғы бас шарасы керемет демесек те, жақсы өтті. Тіпті о баста көрмені сынға алғандардың өзі көрмені көрген соң оң бағаларын беріп жатты. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын ғана көрме орталығының орнында қоршаулар мен бірнеше ғимараттың қаңқасынан басқа ештеңе жоқ еді. Оның үстіне 2015 жылдың жазында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының жетекшілерінің біразы істі болғанда ең басты ұлттық жобаны дағдарыстан алып шығатын адам қажет еді. Сонымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-на сол кезде Алматы қаласының әкімі болған Ахметжан Есімов тағайындалды. Енді міне, көрме аяқталған соң Есімов өзіне артылған сенімді ақтады деп толық айтуға болады. Осы орайда «Время» газеті А.Есімов мырзаның негізгі қызметтік кезеңдері мен қазіргі қызметіне шолу жасады.


Ахметжан Есімов ЭКСПО басшылығына көрменің басталуына небәрі екі жылға жетер-жетпес уақыт қалғанда келді. Бұған дейін ол Оңтүстік астананың әкімі болды. Алматылықтардың Есімов туралы естеліктері әртүрлі. Десек те оның қаланың көркеюіне қосқан үлесін бәрі біледі. Өйткені дәл сол кезеңде Есімовке үлкен мегаполисте алданып қалған үлескерлердің, қала шетіндегі шағын аудандардың мәселесіне шешуіне тура келді. Сонымен қатар шаһарды Есімов басқарған кезде метроның, шығыс айналма жолының құрылысы сәтті аяқталды, муниципалды автобус паркі іске қосылды.

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Виктор Долженков Есімовпен бірге 5 жыл жұмыс істеген кезеңді еске ала отырып, метро құрылысының аяқталуына бұрынғы әкімнің ықпал еткенін тілге тиек етті. Ахметжан Смағұлұлы Үкіметке нысанның консервациясы құрылысты аяқтаудан да қымбатқа түсетінін дәлелдеді.

1997 жылы Есімов Премьер-министр қызметін атқарған кезде Президент оған елдегі энергетикамен айналысуды тапсырды. Сол кезеңдерде бүкіл республика бойынша электр энергиясының мәселесі ушығып, жер-жерлерде жиі-жиі жарық сөніп қалатын. Тіпті кейде 1-2 сағат қана жарық берілген кездер де болды. Міне, дәл осындай қиын кезеңде Есімов еліміздегі барлық энергетикалық кәсіпорындарды іске қосты.

1998-2001 жылдары Ахметжан Смағұлұлы Бельгияда, Нидерландыда, Люксембургте төтенше және өкілетті елші қызметін атқарды. Сондай-ақ ол қосымша НАТО-ның және ЕО-ғы ҚР өкілі болды. Ал ол кезде Қазақстан Орталық Азиядағы геосаяси ойыншы емес еді. Тіпті басқалар еліміздің болашағына күмәнмен қараған болатын.

2001 жылдан бастап Есімов Ауыл шарушалығы министрі болды. Сол тұста ауыл шаруашылығында дағдарыс емес, апатты жағдай болды десек артық айтқандық емес. Тіпті сол кезеңдерде Қазақстанға ауыл шаруашылығы секторы қажт емес деген шенеуніктер де болған. Алайда Ахметжан Есімовтың сауатты басқаруының арқасында ауыл шаруашылығы саласы жанданып, Қазақстан әлемдегі ірі ұн экспорттаушысына айналды.

Есімов Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған тұста кеңесші болған Төлеухан Нұркияновтың айтуынша, сол бір жылдары елімізге егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын тоқыратып алу қаупі төнген еді. Осы уақытта Ахметжан Есімовтың дер кезінде қолға алған шаралары ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті.

Қай салада жұмыс істесе де, қандай лауазымды қызметтер атқарса да, Есімов қашан да президенттің дағдарыс менеджері бола білді.




Көрілген: 495    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 06.10.2017, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30