Нарық

Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін айтты

  • © ult.kz

    © ult.kz

Қазақстанның сыртқы қарызы шамамен 168 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды http://"Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


«Сыртқы борышқа қатысты деректер есепті кезең аяқталғаннан кейін 90 күннен кейін ғана жарияланады. Сондықтан біздің мәліметтер 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жария етілген. Сыртқы қарыз шамамен 168 млрд АҚШ долларын құрайды», - деді Данияр Ақышев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аталған қарыздың 7,9 пайызы немесе 13,2 млрд АҚШ доллары - бұл мемлекеттік сектордың сыртқы борышы; 3,7 пайызы немесе 6,2 млрд. АҚШ доллары - «Банктер» секторының сыртқы борышы; 25,2 пайызы немесе 42,4 млрд. АҚШ доллары - «Басқа секторлардың» тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі. Қалған 63,2 пайызы немесе 106,1 млрд. АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды.


«2017 жылғы бірінші жартыжылдықта елдің сыртқы борышының көлемі 4,2 млрд. АҚШ долларына, оның ішінде 2017 жылғы екінші тоқсанда 2,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайды. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, негізінен халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз еурооблигациялар құнының өсуі және бейрезиденттер тарапынан Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарына деген сұраныстың артуы есебінен 0,4 млрд АҚШ долларына өсті», - делінген таратылған ақпаратта.


Сонымен қатар Ұлттық банк мәліметінше, «Банктердің» сыртқы міндеттемелері еурооблигацияларды және қолданыстағы сыртқы қарыздарды жоспарлы өтеу нәтижесінде 1 млрд АҚШ долларына қысқарды. «Басқа секторлардың» үлестес емес бейрезиденттер алдындағы сыртқы борышы, негізінен 2017 жылғы екінші тоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның орта мерзімді ауқымды ноттарды шығару бағдарламасы аясында еурооблигациялардың 5, 10, және 30 жылдық шығарылымдарын орналастыруы есебінен 3,0 млрд. АҚШ долларына ұлғайды. Фирмаралық берешек, негізінен мұнай-газ жобаларын бұдан әрі қаржыландыру және тікелей инвесторлар алдындағы төленбеген дивидендтер және қарыздар бойынша сыйақы бойынша берешектің өсуі есебінен 1,8 млрд АҚШ долларына өсті.


2017 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанның таза сыртқы борышы 3,1 млрд АҚШ долларына артып, 41,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.10.2017, 16:31

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30