Нарық

Данияр Ақышев: Теңгенің нығаюы - мұнай бағасының көтерілуінің әсері

  • Данияр Ақышев: Теңгенің нығаюы - мұнай бағасының көтерілуінің әсері

    Данияр Ақышев: Теңгенің нығаюы - мұнай бағасының көтерілуінің әсері

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Айдың басынан бері теңге 3%-ға нығайған. ҚР Ұлттық банкі өз кезегінде атап өткендей, бағамға араласпауға тырысады. Қаржы реттеуіш басшысы баспасөз мәслихатында доллар бағамының неге түсіп жатқанын және сәйкесінше теңгенің нығайып жатқаны туралы айтты.


«Теңгенің қазір нығаюы - былтыр қарашада басталған мұнай бағасының көтерілуінің әсері. Қазір биржада нарықта түсімді сатып жатқан экспортшылар тарапынан үлкен сауда жасалуда, ұсыныстар сұраныстан асып жатыр, теңге нығаюда. Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетіне қалай әсер етіп жатқанына әзірге баға беру қиын. Қаңтардағы инфляция бойынша деректерді алу керек», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.


Сондай-ақ, Данияр Ақышев долларға шаққанда теңге бағамын болжауға болатыны туралы айтты.


«Өкінішке орай, қоғам айырбас бағамының қалай өзгеретінін білу үшін математикалық формула жасауға тырысып жатыр. Сіздерге айтайын, оның нақты формуласы жоқ. Оған түрлі арналар мен тетіктер ықпал етеді. Мәселен, бүгін таңғы сағат 10-да Лондон биржасында мұнай бағасы өссе, теңге сол сәтте нығаяды деген сөз емес. Бүгін сатылған мұнай дәл бүгін жеткізілмейді. Сәйкесінше, бұл операциялардың ақшалай түсімі қазір сатылмайды. Дәл қазір, Лондонда мұнай бағасы көтерілген кезде, Қазақстанда - KASE биржасында жоғарылайды. Мысалы, көпшілігі валюта сатып ала алады, демек теңге бағамы төмендейді. Барлығы Ұлттық банк курс айырбастауға кедергі жасайды, Қазақстан әлемдік трендтерден қалыс қалып жатыр деген теорияны алға тартуға тырысуда. Бұл дұрыс емес. Теңге бағамы мұнай бағасы мен сауда сауда серіктес елдердің валюта бағамының ықпалымен қалыптасуда», - деді Д.Ақышев.


 




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30