Денсаулық сақтау макроэкономикасы деген не?

Денсаулық сақтау макроэкономикасы деген не?

Макроэкономика жүйені біртұтас ретінде сипаттайтын ірі ауқымды қасиеттер және институттармен байланысты болып келеді. Экономикалық жүйе адамдар бір-бірімен алмасу қатынасында болғанда ғана қалыптастады. Үкімет сауда жүргізу ережелерін анықтайды және оны іске асыру үшін арнайы құрал, ақша шығарады. Макроэкономикада жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) мемлекет көлеміндегі экономикалық көрсеткіші ретінде, оның жоғарлауын немесе кемуін және үдерістер динамикасын бағалайды. Жалпы ішкі өнім динамикасына байланысты салымдар, сауда, жұмыссыздық, банкроттық көрсеткіштерінде өзгерістер болып тұрады. Жеке адамның немесе фирманың табысын зерттеудің орнына макроэкономика мемлекеттегі табыстың өсуі мен бөлінуін жалпы зерттейді. Денсаулық сақтау макроэкономикасы дәулетті (бай) және кедей адамдардың санын анықтауға, әлеуметтік-экономикалық топтарды және олардың арасындағы айырмашылық - экономикалық теңсіздікті анықтауға тырысады. 

Денсаулық сақтау макроэкономикасы шығындар, жұмыспен қамту және басқа осындай ірі көлемдегі көрсеткіштерден тұратын факторларға қатысты өзара байланысты қарастырады. Аталған факторлар денсаулық сақтау саласына экономиканың бөлігі ретінде және тұрғын халықтың денсаулық жағдайының биологиялық көрсеткіштеріне экономикалық өзгерістер түрінде әсер етеді. Жалпы ішкі өнімнің динамикасы дәрігерлер саны мен табысына, тұрғындар денсаулығына және емдік шаралар шығындарына, медициналық қызмет көрсетуге әсер етеді.
Микроэкономика жеке таңдауды зерттейді - ол жеке экономикалық агент ретінде берілген шектеулер кезінде - ережелер мен бағалардың берілген жүйесінде шығындарды азайтады немесе әл-ауқат жағдайын, пайданы жоғарлатады. Микроэкономистер жеке таңдаудың ережелер немесе бағалардың қалай өзгеретінін зерттейді. Макроэкономика керісінше жүйенің қасиетін тұтас көлемде (өсу, жұмыссыздықты, инфляцияны), онда да адамдар өздерінің қажеттіліктерін одан әрі қанағаттандыру үшін ережелерді өзгерту кезінде, жүйенің уақыт ағынымен қалай өзгергенін зерделейді.
Макроэкономикалық талдау жасай отырып, барлық макроэкономикалық құбылыстар әл-ауқатты жеке максималдандырудан шығатынын есте ұстау керек. Үкімет, несие карталары және де банкроттық туралы заңдылық жеке адам үшін ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ олар ел экономикасының біртұтас қызмет етуіне жағдай жасайды. Дәл солай медициналық қызмет көрсетудің сақтандыру, лицензиялау сияқты және басқа да айырықша ерекшеліктері адамдардың жеке әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Бұл мақалада біз экономикалық өсу мен халықтың денсаулық жағдайы арасындағы түбегейлі қалыптасқан ара-қатынасты талқылап отырмыз. Өмір сүру ұзақтығы жоғарлауының қандай үлесі денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсету, жеке табысы арқасында алынғанын, ал қандай бөлігі –тұрғын үй стандартының жетілуінің, білім алу, тағам және басқа жалпыэкономикалық әл-ауқат салдары арқасында алынғанын анықтау үшін демографиялық талдау әдістері қолданылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы және денсаулық сақтау шығындары экономикалық даму және адам басына шаққанда келетін табыспен, макроэкономиканың стандартты мәселелері – іскерлік циклдер, инфляция және жұмыспен қамтумен тығыз байланысты.


Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Гулсағат Тоқышқызы АНДЫБАЕВА,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста