Нарық

Депутат 10 сотық жерге қатысты: билік шындықты айтуы керек

  • © Foto : serke.org

    © Foto : serke.org

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтың айтуынша, билік 10 сотық жерге қатысты жағдайды талдап, халыққа түсіндіруі керек.


"Күрделі мәселенің бірі — 10 сотық жер. Біз қазір осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Менің ойымша, оның бір шегі де болуы қажет, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса алмайды. Бүкіл жердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыны салмақтап, талдап, үкімет айту керек. Қай жерде тоқтауымыз керек, қай уақытқа дейін бұл бағдарламаны жасауға тиіспіз. Өйткені бүгін барлығына 10 сотық тиесілі дедік. Ал сол тиесілі жерін бере алмаймыз", — деді депутат "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста.


Оның айтуынша, жеріміз кең байтақ болғанымен, оның бәріне инфрақұрылым тарту мүмкін емес.


"Сондықтан осыны талдап, халыққа жеткізу керек. Өйткені, бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады. Өкілетті орган осы мәселені зерттеп, шындықты айтуы керек деп ойлаймын", — деп түйді сөзін Өксікбаев.


Sputnik


 


 




Көрілген: 986    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 19:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31