Нарық

Депутат мұқтаж азаматтар үшін несиенің пайызын төмендету мәселесін көтерді

  • © Sputnik / Игорь Зарембо

    © Sputnik / Игорь Зарембо

Мәжіліс депутаты Марат Бопазовтың пікірінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарастыруы керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  тілшісі.


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы уақытқа дейін 17 миллирад теңге пайда тапқан екен. Осының есебінен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету банктің жоспарында бар ма? Көптеген азаматтың үй алуға мүмкіндігі жоқ. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болса, менің ойымша, бұл мәселені 40 пайызға шешер еді. Қазіргі таңда 2,5 млн адам үй алуға кезекте тұр. Болашақта осы мәселені қарастыруға бола ма?", — деп сұрады депутат мәжілісте өткен отырыста банк өкілінен.


Банктің басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев бұл мәселе қарастырылатынын айтты.


"Біз таза түскен табысты қалай пайдалану қажеттігі бойынша акционерлерімізбен ақылдасамыз. Оның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтарға несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесі бар", — деді ол.


"Өткен аптада парламент қабырғасында әскери қызметкерлерді үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Сонда Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің төрайымы Ләззат ханым 17 млрд теңге табыспен бітірдік деп айтты. Сонда мен ол кісіден әл-ауқаты төмен жастарға несиені 5 пайызбен емес, одан да төмен пайызбен берсек қалай болады деп сұрадым. Бүгін де сол сұрақ қойылды. Банк өкілдері қараймыз деді. Шешіле ме, шешілмей бе — оны алдағы уақыт көрсетеді", — деді депутат Бопазов БАҚ өкілдеріне отырыстан кейін.




 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.09.2017, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30