Нарық

Депутаттар электр қуаты мен газ бағасын бірыңғай тарифке көшіруді ұсынды

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Электр қуаты мен газ бағасы ел бойынша бірыңғай тарифке көшуі мүмкін. Бұл туралы мәжілісте «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасын талқылау кезінде депутаттар осындай ұсыныс айтты.


Олардың пікірінше, газ бағасының литрі елдің бір өңірінде 8 теңгемен, ал енді бір өңірінде 34 теңгемен сатылуы әлеуметтік теңсіздікке әкеліп отыр.


Сондықтан бағаны біртараптандыруды қолдайды. Депутаттар электр тарифінің әр алуандығына қатысты да мысал келтірді.


Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


- Мысалы, ШҚО-да ҚҚС қоспағанда электр жарығының бір киловаты 12 теңге тұрады, ал ОҚО-да 22 теңге. Мұны бағаны біртарапатандырып, халық төлей алатын жағдайға жеткізу оңайырақ болмай ма?


Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:


- Экономиканың құрылымы, бизнестің үйренген, есептелген шығындары бар. Оның барлығы өзгерсе, қандай ықпал болады, қалай әсер етеді, соның бәрін есептеу керек. Біз есептейік, сосын шешім қабылданған соң, ақпарат береміз.


Сондай-ақ қаралған құжат қабылданса, бұдан былай табиғи монополиялардың барлық субъектілері тарифтерін 5 жыл бұрын бекітеді. Бұл өз кезегінде тариф құнының талапқа сай өзгеріп, күрт қымбаттап кетуінен сақтайды. Бүгінде мекемелердің 95 пайызы тариф бағасын 5 жылға белгілеп қойған.


astanatv.kz


 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30