Нарық

Доллар бағамы 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?

  • Доллар бағамы 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?

    Доллар бағамы 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?

Ұлттық банктің ресми сайтында доллар бағамы 380,44 теңгені көрсетіп тұр.


Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов доллар бағамының неге шарықтап жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Сүлейменовтің айтуынша, АҚШ саясатының өзі америкалық юрисдикция мен құнды қағаздарының инвестициялық тартымдылығының күшеюіне ықпалын тигізеді. Бұл, тиісінше, доллар мен төлем балансына әсер етеді.


"Долларға ықпалын тигізетіндіктен, ол өседі де, ал қалған валюталар құлдырайды", — деді министр үкімет кулуарында.


Теңгенің күн өткен сайын құнсыздануына екінші себеп – әлі тұрақтамай тұрған мұнай бағасы.


"Қара алтын" құны бірде жоғарылап, бірде төмендеп тұр. Тиісінше, бұл теңге бағамына әсер етпей қоймайды", — деді ол.


Журналистер министрден доллар бағамы 400 теңгеге жете ме деп сұрады.


"Ең дұрысы, мұны Ұлттық банктен сұрау. Бізде келесі жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында доллар бағамы 370 теңге деңгейінде көрсетілген", — деді Сүлейменов.


Айта кетсек, қазір Ұлттық банктің ресми сайтында доллар бағамы 380,44 теңгені көрсетіп тұр. Ал Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессия бойынша доллардың орташа сараланған бағамы – 383,46 теңге.


 




Көрілген: 952    Пікірлер: 0

сенбі, 29.12.2018, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31