Нарық

Доллар бағамы түссе де тауардың арзандамай жатқан себебі

  • Доллар бағамы түссе де тауардың арзандамай жатқан себебі

    Доллар бағамы түссе де тауардың арзандамай жатқан себебі

Жыл басынан бері Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы түсіп келеді, бірақ баға төмендер емес.


Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спановтың айтуынша, оған себеп Қазақстанда нарықтың экономиканың негізгі қағидаларының біпрі – еңбек өнімділігінің сақталмауы, деп жазады Tengrinews.kz.


“Қазақстан экономикасы монополияланған және мұнай-газ секторына тәуелді. Теңгенің нығайғанына қарамастан бағаның арзандамау себебі біздегі шағын және орта бизнестің дамымауынан. Бағаны белгілеуде бірнеше фактор әсер етеді. Олар: шикізат, материалдар, жалақы, тасымал, маркетинг. Қазақстанда бағаны белгілеуде осының бәрі айтарлықтай рөл ойнайды. Ал бағаның төмендемеуіне еңбек өнімділігі себеп”, – деді сарапшы.


“Цесна Капитал” АҚ сарапшысы Дархан Лұқкпановтың пікірінше, Қазақстандағы доллар бағамының жыл басынан бері 6 пайызға нығайғанына қарамастан, елдегі инфляция жыл басынан бері 2,3 пайызға жетті.


“Теңге бағамының нығаюы инфляцияны азайтуы немесе ұстап тұруы үшін теңгенің нығаюы ұзақмерзімді болуы керек. Сол кезде импорттық тауарлардың бағасы арзандайды да, елдегі бағаның көтерілуі тоқтайды”, – деді сарапшы.


Halyk Finance зерттеу департаментінің басшысы Мұрат Темірхановтың пікірінше, теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығайғанымен, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы әлсірегені анық. Осы орайда Ресейден келетін тауарлар бәрібір қымбаттай түсті. Оның үстіне елге кіретін импорттың 40 пайызынан орыстардан алатынымызды ескеру керек, дейді.


naryk.kz




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.04.2017, 19:00

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30