Нарық

Доллар бағасы 340 теңгеден аспайды – министр

  • Доллар бағасы 340 теңгеден аспайды – министр

    Доллар бағасы 340 теңгеден аспайды – министр

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет кулуарында алдағы уақытта теңге бағамының қаншалықты өзгеретіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Біз Үкімет ретінде Парламентке әлеуметтік-экономикалық даму туралы болжамды енгіздік және ертеңгі отырыста долларға шаққандағы теңге бағамын 340 деп таныстыратын боламыз. Бұл дегеніміз нені білдіреді, яғни біз осы есептелген бағамнан асып кетпейді деп сеніммен айта аламыз», - деді ол Үкімет кулуарында.


Ол осыған дейін Үкіметтің теңге бағамы өзгерген жағдайда әзірлеп отырған үш сценарийі бар екенін айтқан болатын.


«Рубльдің долларға шаққандағы бағамының 70-80-90-ға өсуі мен тиісінше теңге бағамының өсуін қарастыратын үш сценарий әзірленді. Макроэкономикалық талдау жүргіздік, яғни доллардың өсуі біздің ЖӨІ-ге, инфляция, жұмыссыздық деңгейі мен бюджет көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін талқыладық. Егер осы сценарийлердің бірі орындалған жағдайда іске қосатын Үкімет пен ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасын әзірледік», - деді Сүлейменов.


Назерке Абибулла




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30