Алаш баласы, айнаңа қара!

дүйсенбі, 05.12.2016



Нарық

Доллар құны 220 теңге болуы мүмкін

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 80 доллар болып түзілуіне қатысты еліміздің Ұлттық банкі теңгені 15,5 пайызға құнсыздандыруы мүмкін. Бұдан барып бір доллардың құны 220 теңгені құрауы ғажап емес. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Ресей қор нарығының жайын бақылап, бағдарлап отыратын Renaissance Capital ақпараттық қаржылық орталығы мәлімет таратып отыр. Аталмыш орталық мамандарының пайымдауынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мұнай бағамы барреліне 100 доллар болғанда 4,8-4,5 пайыз болуы керек-тін. «Дегенмен әлемдік биржада мұнай бағамының әр апта сайын төмендеп жатқанын ескерсек, 2015 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1 пайызды құрауы әбден мүмкін» дейді мамандар.

Сондай-ақ, сарапшылар мұнай бағамы 80 доллар болып түзілер болса Қазақстан теңгені қайтара құнсыздандыруға мәжбүр екенін алға тартып отыр. «Ұлттық банк мұндай жағдайда теңгені 15,5 пайызға құнсыздандыру мүмкін. Бұдан барып бір АҚШ доллары 220 теңгені құрайды. Импорт-экспорт ара-қатынасын реттеу үшін Қазақстан осындай қадамға барады» деп отыр сарапшылар.

Бұған қоса мамандар таратып отырған біз үшін ең жайсыз ақпарат

«Біздің жобалауымызша, егер мұнайдың бір баррелі 2015 жылы 60 долларды құрайтын болса, онда Қазақстанның ЖІӨ күрт төмендейді. Ал 2015 жылы мұнай бағасы 50 доллардан төмендесе онда елдің экономикасы құлдырайды. Бұл 2009 жылғы орын алған қаржылық дағдарысты қайтып әкеледі. Біз мұнай бағасының төмендеуіне қатысты экономикалық жағдайдың ушыға түсетінін байқап отырмыз. Сондықтан бұл біраз елдерге ауыр соққы болады» дейді аталмыш орталықтың мамандары.

Алаш айнасына пікір білдірген отандық мамандардың қайсыбірі де мұны жоққа шығармайды. Мамандардың пайымдауынша, геосаяси жағдай бұдан әрі тереңдей беретін болса, мұнай бағамы 2015 жылы шынымен де барреліне 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Ал мұның арты мұнайлы ел Қазақстан экономикасының ауыр соққы алуына ықпал етеді.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:

- Біздің экспортымыздың 80 пайызын мұнай құрайды. Мұнай бағасының төмендеуі – теңгенің құлдырауына, экономиканың әлсіреуіне, жалпы ішкі өнімнің азаюына алғышарт болып табылады. 2014 жылға арналған бюджетті әзірлерде қаржыгерлеріміз мұнай бағасының болжамды 95 доллар/баррель көрсеткішіне сүйенген болатын. Алайда қазір мұнай бағасы барреліне 80 долларды маңайлап қалды. Халықаралық сарапшылар «биылғы жылдың соңына дейін мұнай 80 доллардан да әрі құлайды» деп отыр. Қазір жылдың аяқталуына екі ай ғана уақыт қалды. Ауыртпашылық бұл жылы аса білінбейді. Бірақ келер жылы Ұлттық банкке теңгені девалвациялауға тура келеді. Себебі мұнайдан түсетін түсім азайса бюджеттің де кірісі күрт төмендейді. Білесіздер, Үкіметке 2015 жылы зейнетақы және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 30 пайыз үстеме қосу, бірқатар мемлекеттік төлемдерді өсіру туралы тапсырма берілген болатын. Бірақ өкінішке қарай, мұнай бағамы бұлай төмендей беретін болса мұның барлығын шегеруге тура келеді. Үстеме қоспақ түгілі, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, зейнетақыны төлеу қиынға соға бастайды. Қазан айындағы есеп бойынша біздің еліміздің алтын-валюта қоры 104,2 млрд долларды құрап отыр. Ендігі кезекте жағдай ушыға бастаса алтын-валюта қорынан қаржы алына бастайды. Теңгені тежеп ұстап тұру үшін де қордан қомақты қаржы жұмсауға тура келеді. Отандық өнідіріс орындарын қолдау үшін, қаржы институттарын тоқыратпау үшін де қордан қаржы алынуы мүмкін. Бірқатар индустриалды-иноовациялық бағдарламалардың жүзеге асу мерзімі кешіктіріледі. Сондықтан бұл жерде халықаралық сарапшылардың айтып отырған сөзінің жаны бар. Болашақта Ұлттық банк алтын-валюта қорын үнемдеу үшін теңгені девалвацияға түсіреді.

Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:

- Біз бұған дейін де теңгенің девалвацияғы түсетінін, 2015 жылдың басында-ақ бір доллардың құны 200 теңгеден асатынын болжағанбыз. Өйткені қазіргі ахуалдың өзі соны айқындап отыр. Мұнай бағасының түсуі, Ресей мен Украинадағы жағдайдың шиеленісі мұның барлығы Қазақстан экономикасына кері ықпал етеді. Мен бұған дейін де айтқанмын, қазір де айтамын. 1989 жылы АҚШ Кеңес өкіметін құлату үшін мұнай өндіретін мемлекеттерге мұнай бағасын құлату жөнінде тапсырма берді, арнайы келіссөздер жүргізді. Осыдан барып 1989 жылы КСРО құлады. Ал қазір Обама тура осы әдісті Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты қолданып отыр. Барак Обама Ресейге соққы беру үшін Сауд Арабиясынан, Ливиядан, Ирактан мұнай бағасын төмендетуге ықпал етуді сұрап отыр. Оның ойы осы арқылы Ресейді тәубесіне түсіру. Ал Ресей мұның бірде-біріне ықпай, шиеленісті ушықтыра түссе онда экономикалық жағдай күрт төмендейді. Жалғыз теңге ғана емес, онда біршама елдердің экономикасы құлдырайды. Сондықтан бұл жерде теңгенің қайтара девалвациялануы әбден мүмкін. Тіпті қазіргі ахуалмен салыстыра айтқанда теңгенің 15,5 пайызға емес 20 пайыздық құнсыздануын күтуге болады.

Автор: Қарлығаш Зарыққанқызы




Көрілген: 3627    Пікірлер: 7
Пікірлерді оқу (7) preloader

сәрсенбі, 15.10.2014, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қараша, 14:44
    25 жылда жетістік көп

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2016
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31