Нарық

Дүкендер адамды қалай алдайды?

  • Дүкендер адамды қалай алдайды?

    Дүкендер адамды қалай алдайды?

Дүкенге барар алдын нені білуіңіз керек? Артық ақша жұмсамай сәтті сауда жасағыңыз келсе, сауда орындарының сатып алушыларды қалай алдайтынын біліп жүргеніңіз жөн.


1. Музыкамен гипноз жасайды


Супермаркеттегі музыкаға мән берсеңіз, жылдам айтылатын әндерді жиі қосады. Америкалық маркетинг ассоциациясы көңілді әндерді тыңдаған сатып алушы тауарды бей-берекет алатынын анықтаған.


Адамдар тез айтылатын музыканы естігенде, бейсаналы күйде ең қымбат, әрі ең көп заттарды сатып алады.


Музыкамен жасалатын тағы бір айланың түрі – баяу әндерді ойнату. Мұндай темптегі әнді тыңдаған сатып алушы бір жерде ұзақ тұрып қалады. Сәйкесінше, көп уақытын дүкенде өткізіп, көбірек тауар сатып алады. Маркетологтардың қақпанына түсіп қалмау үшін, ұялы телефондағы сүйікті әндерді құлаққаппен тыңдаған дұрыс.


2. Түспен алдайды


Дүкен cатушыларының көбі сауда орнының сыртын жылы түстермен (қызыл, сарғылт, сары) бояйды. Себебі жылы түстер адамға жағымды көңіл күй сыйлайды. Алайда супермаркет іші суық түстерге боялады. Америкалық CNN басылымы түстердің адамға әсерін зерттегенде, іші суық түстерге боялған дүкендердің табысы әдеттегі дүкендерден екі есе көп болған.


3. “Қандай дәмді!”


Дүкенге барар алдын, “Аш барма! Кез келген затты сатып аларсың!” деп ескертседе, маркетологтардың айласынан құтылып кете алмайсың. Олар адамның сезім мүшесін зерттегенге шебер. Сіздің тәбетіңізді ашатын түрлі әдіс-тәсілдер ойлап табады. Соның бірі – жаңадан пісірілген тәтті бәліштердің немесе ұннан жасалған тағамдардың иістерін шығару. Бұдан бөлек, сөредегі тәттілердің төменгі жағын қосымша жарықтармен безендіреді.


4. Тағам тез бұзылатын қаптамалар


Қаптамаға оралған жаңа піскен нан. Әдемі көрінеді. Бірақ, дүкендердегі қапталған нандар тез құрғап кетеді. Егер ол тез бұзылса, қайта дүкенге баруға тура келеді. Сөйтіп дүкеннің саудасын жүргізесіз.


Сауда жасап үйге келгенен соң, сатып алған заттардың қаптамаларын ауыстырып, оның ұзақ сақталуын қадағалаңыз.


5. Кассадағы кезек


Маркетологтардың айласынан құтылдым деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Кассадағы кезекте қарап тұрмай, алдыңыздағы заттарға көзіңіз түседі. Қарасаңыз, барлығы күнделікті қажетті заттар. Майлықтар, сағыз және тәттілер. Ұзақ уақыт жүріп шаршаған өзіңіз де жүрек жалғайтын нәрсені сатып алуыңыз мүмкін.


Ендеше ақшаңызды үнемдегіңіз келсе, дүкенге бармас бұрын қажетті заттардың тізімін жазып алыңыз. Сауда орнында артық затты алғыңыз келсе, оның қаншалықты қажетін анықтап, шешім қабылдаңыз.


baribar.kz




Көрілген: 2073    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 20:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30