Нарық

Дүниежүзілік банк Қазақстанға алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге дайын

  • Дүниежүзілік банк Қазақстанға алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге дайын

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге дайын

Қазақстанда экономиканы дамыту стратегиясы жүзеге асырылуда және елдің жақын арада әрі болашақта дамуының нақты ұстанған бағыты бар. Бұл туралы Астанадағы инвестициялық форумда Дүниежүзілік банк тобының сауда және жаһандық бәсекеге қабілеттілік мәселесі бойынша жетекші экономисі Стефка Славова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Спикердің айтуынша, Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр: даму стратегиясының айқын көрінісі және экономикалық өсу жолдарының айқын жоспары бар.


Қазақстанға тұрақты экономикалық өсім үшін процестің барлық қатысушыларына, оның ішінде шетелдік инвесторларға тең жағдай жасау керек.


«Дүниежүзілік банк Қазақстанға алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге дайын. Тіпті осы жолда қателіктерге ұрынсаңыздар да, аянбай, талпыныс жасаңыздар», — деді ДБ сарапшысы.


Сонымен қатар, Стефка Славова бүгінгі таңда жаһандық проблемалардың бірі — өмірдің барлық салаларын цифрландыру мәселесі екенін атап өтті. Бәсекеге қабілеттілік алдыңғы қатарға шықты, жаңа технологиялар өмірімізге жылдам енгізіліп жатыр. Аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде.


Сарапшының пікірінше, Қазақстан үшін тағы бір мүмкіндік әрі сын-тегеурін — мұнай саласына тәуелділіктен арылу, өнеркәсіпті әртараптандыру.


«Сіздің елде табысты өсу мен жетістіктерге жетудің барлық мүмкіндіктері бар», — деді Стефка Славова. 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.12.2017, 20:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31