Нарық

Екібастұз бен Хычин қалалары әріптестік туралы келісімге келді

  • Екібастұз бен Хычин қалалары әріптестік туралы келісімге келді

    Екібастұз бен Хычин қалалары әріптестік туралы келісімге келді

Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен жүрген Павлодар облысының делегациясы Шаньси провинциясының бизнес-қауымдастығымен кездесті. Қытайлық инвесторларды Павлодар облысындағы электр энергиясының қытайдыкіне қарағанда алты есеге арзан болуы және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы жеңілдіктер қызықтырды.

Келіссөзге Шаньси провинциясының 30-ға жуық кәсіпорындарының басқарушы менеджерлері мен қаржылық органдардың өкілдері қатысты. Провинцияның реформа және даму комитеті басшысының орынбасары Чен Цзэенің айтуынша, Шаньси көмір өндіру, электр энергиясын өңдеу, кокстау, тау-кен жабдықтары мен көмір-химия өндірісінде кешенді және біріктіріліген даму үшін көп күш салуда. Ол алдыңғы қатардағы машина салу, қазіргі заманғы көмір-химия өнеркісібі, жаңа материалдар өнеркәсібі мен арнайы азық-түлік өндірісі қарқынды дамуда екенін атап өтті. Алдыңғы қатарлы жабдықты жүзеге асыру нәтижесінде түскен кіріс - 141,8 миллиард юань.

Ресми делегацияның бір тобы кеше Хычин қаласында болды. Шаньсиді Қытайдың көмір өндіретін жүрегі деп алсақ, Хычин оның бас артериясы іспетті. Екі қаланың басшылығы өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар іскери, мәдени және туристік әрекеттестік мүмкіндіктер туралы сөйлесіп, екі жақтың инвестициялық ұсыныстарын талқылады.




Сапар барысында Екібастұз қаласының билігі мен бизнес өкілдері Хычин қаласының көмір химиясы, күл өңдеу және энергетика саласындағы төрт ірі кәсіпорындарының қалалық ауруханасында болды.

Екі жақты келісімшарттардың шеңберінде кокс, көмір газы және бензол өндірумен айналысатын қытайлық корпорацияның зерттеу институтының өкілдері көмір химиясын қолданудың мүмкіндіктерін зерттеу үшін Екібастұз қаласына келуді жоспарлап отыр.

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов бұл меморандум екі қаланың арасындағы әрекеттестікті нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. — Екібастұз және Хычин қалалары өте ұқсас. Біз ресми тараптар және бизнес өкілдері деңгейінде өзара әріптестік жасауға мүдделіміз. Өнеркәсіп саласынан бөлек, мәдени байланыстар құрып, медициан және білім беру саласында да қарым-қатынас орнататын боламыз.


Жанаргүл Қадырова,

Павлодар облысы


 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 22.09.2017, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30