Нарық

ЭКСПО-2017 көрмелер тарихында ең сәтті өткен мамандандырылған көрме деп танылды

  • ЭКСПО-2017 көрмелер тарихында ең сәтті өткен мамандандырылған көрме деп танылды

    ЭКСПО-2017 көрмелер тарихында ең сәтті өткен мамандандырылған көрме деп танылды

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Қазақстан президенті Н.Назарбаевты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады. Сондай-ақ ол осы көрмеге қатысқан елдердің ыстық сәлемін жеткізді.



«Биылғы ЭКСПО бұған дейінгі көрмелер тарихындағы ең жарқын әрі сәтті өткен халықаралық шара болғанын көрмеге қатысқан елдердің өкілдерінен естіп жатырмын. Бұл қуанарлық жағдай. Болашақта Қазақстанның жетістігі басқа да мамандандырылған көрмелердің өркендей түсуіне серпін беретініне сенімім мол. Сөз жоқ, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі тікелей өзіңіздің қолдауыңыздың арқасында ойдағыдай өтті. Сіз алғашқы күннен бұл жобаға белсене кірістіңіз. Өзіңіз басқарып отырған Үкімет және Ахметжан Есімов жетекшілік ететін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрме инфраққұрылымының алғашқы қонақтарды күтіп алуға сақадай сай дайын болуын қадағалады және әлемнің әр түкпірінен келген меймандар қазақ халқының қонақжайлылығын ерекше сезіну үшін ыждаһаттылықпен еңбек етті. Осы сәтті пайдалана отырып, өз тарапымнан мені Қазақстан Республикасының «Достық» орденімен марапаттағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздермен алты жыл бойы жұмыс істеу мен үшін бағалы тәжірибе болды. Алдағы уақытта Астанаға барып, көрме өткен аумақты және ЭКСПО-2017 көрмесінің тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қалдырған мұрасын өз көзіммен көремін деп үміттенемін», - делінген телеграммада.

Сөз соңында Висенте Гонсалес Лоссерталес Халықаралық көрме бюросы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсуге дайын екенін жеткізді.


 




Көрілген: 806    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 06.12.2017, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31